Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

19.10.2017
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ халықаралық форумда «ҚР Жерді қашықтықтан зондтау технологияларын және жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесін пайдалану тәжірибесі» секциясын өткізді

Бүгін «Ғарышқа қазақстандық жол: ақиқаты мен келешегі - 2017» халықаралық форумы шеңберінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ  (бұдан әрі – «ҚҒС» ҰК» АҚ) «Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) технологияларын және жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесін  (ЖСНЖ) пайдалану тәжірибесі» секциясын өткізді. 

Секцияның модераторы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының вице-президенті, ҚР ұшқыш-ғарышкері, Халық Қаһарманы Айдын Аимбетов болды, Компанияның президенті Ерғазы Нұрғалиев секцияның жұмысына негізгі баяндамашы ретінде қатысты. 

Ерғазы Нұрғалиев сөйлеген сөзінде 2005 жылы компания құрылған сәтінен бастап ЖҚЗ мен ЖСНЖ ғарыш жүйесін құру жобалары табысты іске асырылғанын хабарлады.  

Қазақстанда ЖҚЗ ғарыш жүйесі стратегиялық әріптес - Airbus Defense & Space компаниясымен халықаралық ынтымақтастық арқасында құрылғанын еске түсірді. 2014 жылы кеңістіктік айыру қабілеті жоғары және орта KazEOSat-1 және KazEOSat-2 спутниктері ұшырылды. 

Компанияның басшысы отырысқа қатысушыларды «ҚҒС» ҰК» АҚ ЖҚЗ Ғарыш жүйесі орталығы қызметінің нәтижелері туралы хабардар етті. 

Мәселен, жұмыс істеген үш жылда  KazEOSat-1 ғарыш аппараты жер бетінің 181 млн. ш.км. астамын,  KazEOSat-2 ғарыш аппараты - 356 млн. ш.км. астамын түсірді. 

Сондай-ақ, ол бүгінгі таңда ғарыш аппараттарын, сонымен қатар миссияны жоспарлау, түсірілімдерді қабылдау және өңдеу жерүсті кешенін басқару жөніндегі барлық операцияларды компанияның мамандары толық атқаратынын әңгімелеп берді. Осылайша, ЖҚЗ ғарыш аппараттарының отандық мектебі құрылды және табысты қызмет етуде. 

Сонымен бірге, компанияның президенті ғарыштық технологияларды дамыту үшін кадрлық әлеует қажет екенін атап өтті. Бұл мәселені шешу үшін компанияның 40-тан астам маманы біздің стратегиялық әріптесіміздің Франция мен Ұлыбританиядағы кәсіпорындарында тағылымдама өтті. Бұдан басқа, компания республиканың мемлекеттік органдарының мамандарын ЖҚЗ деректерімен жұмыс әдістемесін үйретеді. Тек  2017 жылы 72 адам оқып шықты. 

Ерғазы Нұрғалиев ЖҚЗ деректері міндеттердің кең ауқымын шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті. «ҚҒС» ҰК» АҚ ҚР Бас прокуратурасымен  бірлесіп жерді заңсыз басып алуды анықтау бойынша жұмыс жүргізуде. Биыл республиканың 20-дан астам қаласы түсірілді. ҚР Энергетика министрлігі үшін төңіректің ғарыштық түсірілімі жүргізілуде, бұл ғарыштық түсірілімдер арқылы тұрмыстық қалдықтар полигондарының жағдайын бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ғарыштық мониторинг рұқсат етілмеген және бейберекет қоқыс тастайтын жерлерді анықтауға мүмкіндік береді. ЖҚЗ деректері ауылшаруашылық саласында: егіс алқаптарын, егін жинау қарқыны мен егін ауданын және т.б. бағалауда табысты қолданылады. 

Сөзінің соңында «ҚҒС» ҰК» АҚ президенті  барлық қатысушыларды халықаралық форумды табысты аяқтаумен құттықтады және ұқсас іс-шаралар ғарыш саласындағы бірлескен жобаларды іске асырудағы ынтымақтастық үшін негіз болатынына сенім білдірді. 

Сондай-ақ, секцияның отырысында «Airbus Defense & Space» (Франция) өкілдері Джордж Возикис пен Даниэл Саяг, «Гео-Альянс» ЖШҚ (РФ) Максим Александров, Кытай ғарыштық технологиялар академиясының (ҚХР) Хань Ю,  «Leica Geosystems Kazakhstan» ЖШС Александр Дианов, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар» (ҚР) Нұрлан Бекмұхамедов және басқалар сөз сөйледі. 

Секция отырысының барысында қатысушылар сөз сөйлеушілердің баяндамаларын талқылады және спикерлерге бірқатар сұрақтар қойды, оған олар толық жауап алды.

 

 «Қазақстан Ғарыш Сапары»
ұлттық компаниясы» АҚ
баспасөз қызметі


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ