Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

09.11.2017
ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Б. Атамқұловтың «KADEX - 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық VХалықаралық көрмесіне қатысушыларға Үндеуі


Құрметті ханымдар мен мырзалар!

 

        ҚР Қорғаныс және аэроғарыш министрлігінің және өзімнің атымнан 2018 жылдың 23-26 мамыры аралығында Астана қаласында өтетін «KADEX - 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық V Халықаралық көрмесі өтетінін хабарлай отырып, баршаңызды осы шараға шақырамын. 
       Бұл Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қамқорлығында өтетін алғашқы көрме. Оған отандық және шетелдік қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен ғарыш саласының кәсіпорындары, жетекші конструкторлық бюро мен ғылыми-зерттеу институттары қатысады.
       «KADEX» көрмесі өткізілген жылдардан бері құқық бойынша қару-жарақ, әскери және арнайы техникаларды, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы технологияларды көрсету тұрғысында әлемнің жетекші көрме алаңына айналды.
       «KADEX - 2018» көрмесі аумағында орталық диалогтық көрме алаңдарының бірі болатын «Қазақстандағы ғарыш күндері» Халықаралық форумы тұңғыш рет өткізіледі.
      Форум аясында пленарлық және секциялық отырыс, конференция, «дөңгелек үстел» форматында барлық елдердің мамандары қорғаныс және қауіпсіздік, әлемдік ғарыш саласын дамыту мәселелері төңірегінде пікір алмасып, замануи кезеңде киберқорғаныспен қамтамасыз ету сұрақтары талқыланатын кең көлемді ғылыми-іскерлік бағдарлама жүзеге асырылады.
        Көрме қонақтары мен қатысушылар қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен ғарыш саласындағы кәсіпорындардың соңғы жетістіктері мен ғылыми әзірлемелерімен таныса алады.  Көрмеде негізгі басымдық электронды жүйені дамытуға, байланыс және қару-жарақпен басқару жүйесіне, ақпараттық қауіпсіздікте заманауи шешімдерді іздеуге беріледі.
       Тәжірибе көрсеткендей, мұның бәрі өз кезегінде әскери-техникалық ынтымақтастықты, киберқорғаныс пен ғарыш кеңістігін игеруде әріптестік қатынасты дамытатын өзара тиімді келісімшарт жасаумен, келісімдер мен меморандумдарға қол қоюмен аяқталуы тиіс.
        Баршаңызды «KADEX - 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық V Халықаралық көрмесіне қатысуға шақырамын.
       «KADEX - 2018» көрмесі отандық қорғаныс-өнеркәсіптік кешені және елімідің ғарыштық кәсіпорындары үшін ауқымды шара болатынына және жоғары деңгейде өтетініне сенемін.
        Бұл шараға қатысушылар мен қонақтарға жемісті еңбек пен биік белестер тілеймін!

 

 

Құрметпен,

 Қазақстан Республикасы

Қорғаныс және аэроғарыш

өнеркәсібі министрі                                                                                                         Б. Атамқұлов


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ