Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

15.11.2017
Баспасөз хабарламасы: Қазақстанның озат өнертапқыштары Ұлттық ғарыш орталығына келіп кетті

«Шапағат» республикалық онлайн-конкурсының жеңімпаздары  Астана қ. Ұлттық ғарыш орталығына келіп кетті, онда олар «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ ғарыштық жобаларымен танысты. 
Басшылық конкурстың жеңімпаздарын құттықтады және қонақтарды компания қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды. Атап айтқанда, «КazEOSat» Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің және Жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесінің жұмысы көрсетілді. Сондай-ақ, қонақтар компанияның ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесін құру және әртүрлі мақсаттағы жерсеріктер өндірісін жүзеге асыру жоспарланып отырған Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін салу туралы жоспарлары туралы білді.  
Қонақтар 21 қазанда Жердің бірінші ғарышкері  Юрий Алексеевич Гагариннің мүсіні орнатылған Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының болашақ ғимаратын қарап шықты.  
Экскурсияның соңында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ  вице-президенті Ерболсын Нұрсеитов болашақта  «Шапағат» республикалық онлайн-конкурсы жеңімпаздарының арасынан Ұлттық ғарыш орталығында жұмыс істейтін ғарыштық техниканың алғашқы отандық құрылымдаушысы шығатынына үміт артты. 
«Шапағат» өнертапқыштық саладағы республикалық жетістіктер конкурсы өнертапқыштықты насихаттау және қолдау, зияткерлік меншік рөлін, өнертапқыштық қызмет туралы жұртшылықтың хабардарлық деңгейін арттыру және келешегі бар өнертабысты жылжытуға көмектесу  мақсатында 2014 жылдан бастап өткізілетінін еске салайық. 
Жеңімпаздар 3 республикалық конкурстың: «Шапағат» өнертапқыштардың республикалық онлайн-конкурсының; оқушылар арасындағы көлік саласындағы конкурстың; оқушылар арасындағы ең жақсы эссе  «Болашақ сенің қолыңда: ойлап шығар және қалыптастыр!» конкурсының нәтижелері бойынша анықталды.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» 
ұлттық компаниясының
баспасөз қызметі

IMG_5950 (1).JPG

IMG_6005 (1).JPG IMG_6049 (2).JPG



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ