Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

22.11.2017
БАӘ Ұлттық қорғаныс колледжінің өкілдері Ұлттық ғарыш орталығына келіп кетті

2017 жылы 21 қарашада Біріккен Араб Әмірлігі Қарулы Күштерінің Ұлттық қорғаныс колледжінің делегациясы  Астана қ. Ұлттық ғарыш орталығына келіп кетті, онда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ-ның ғарыштық жобалары таныстырылды. 

Делегация құрамында Ұлттық қорғаныс колледжінің тыңдаушылары, Астана қ. БАӘ елшілігі жанындағы әскери атташе Рашед Али Сейф Аль-Махрази мен әскери атташенің орынбасары Ахмад Насер Думан Аль – Амри болды. 

Ұлттық компанияның басшысы Ерғазы Нұрғалиев шетелдік қонақтармен сәлемдесті және оларды компания қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды. 

Делегацияға «КazEOSat» Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің және Жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесінің жұмысы көрсетілді.  

Сонымен қатар, шетелдік қонақтар массасы 100 кг-дан 6 тоннаға дейінгі әртүрлі мақсаттағы жерсеріктер өндірісін жүзеге асыру, сондай-ақ жерсеріктер үшін құрамдас бөліктер жасау жоспарланып отырған Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені құрылысының барысымен танысты. 

Қонақтарды, 2018 жылы оның жерсеріктерін ұшыруды жүзеге асыру жоспарланып отырған ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесін құру қызметі туралы хабардар етті. 

Кездесудің соңында компания президенті БАӘ ҚК Ұлттық қорғаныс колледжінің тыңдаушыларына Қазақстанға сапарларының жемісті болуын және оқуларын табысты аяқтауды тіледі. 

Қонақтар Қазақстан тарапына жауап сөзінде қабылдағаны үшін алғыс айтты және Қазақстанның ғарыштық жобаларды дамыту саласындағы жетістіктерін жоғары бағалады.  

     
«Қазақстан Ғарыш Сапары»
ұлттық компаниясы» АҚ
 баспасөз қызметі

IMG_6224.JPG

IMG_6240.JPG

IMG_6236.JPG

IMG_6233.JPG

IMG_6247.JPG

IMG_6249.JPG


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ