Жаналықтар — gharysh.kz
Главная Новости

Жаналықтар

23.11.2017
Малазиялықтар қазақстандықтармен блокчейн қолдану тәжірибесімен бөлісті

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының (ҚҒС) шақыруымен  Астанаға «Аксесс Блокчейн» (Малайзия) қауымдастығының делегациясы келді, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі. 

Ұлттық ғарыш орталығында өткен кездесу уақытында талқыланған басты мәселе блокчейн технологияларын ауқымды ғарыш жобаларын іске асыратын ұлттық компанияның қызметінде пайдалану мүмкіндігіне арналды, деп хабарлайды ҚҒС баспасөз қызметі. 

«Аксесс Блокчейн» президенті Рене Бернард қауымдастықта 100-ден астам мүше барын және ол  жоғары технологиялар саласындағы мемлекеттік мекемелермен, оқу орындарымен және шетелдік ұйымдармен қызмет істейтінін айтты. 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басшысы Ерғазы Нұрғалиев ұлттық компанияның қызметімен таныстыра отырып, бүгінгі таңда ақпаратты қорғау мәселесі  ғарыштық технологияларды енгізу кезінде өзекті болып табылатынын және «Атап айтқанда, бүгінгі  күні Жерді қашықтықтан зондтау жерсеріктерінен алынатын деректерді қорғау қосымша шараларды қажет етеді», - деп баса айтты. 

Қазіргі уақытта «Қазақстан Ғарыш Сапары» компаниясы өз клиенттеріне беретін ғарыштық түсірімдер үшін электронды кілт жасау мақсатында «Блокчейн «NEM» бағдарламасының авторларымен қызмет жасап жүргені белгілі болды. Бұл түсірімдерге қолжетімдікті дербес етуге мүмкіндік береді. 

Атап айтқанда, компания мемлекеттік органдарға берілетін ғарыштық түсірімдер үшін электронды кілттерді пайдалана алады, бұл түсірімдерді заңсыз берудің алдын алуына мүмкіндік береді. Бұл жүйені пайдалану кезінде жалған код жасау мүмкін емес және бағдарлама авторының өзі де деректерге кіре алмайды  - бұл қорғау әдісінің қызықты ерекшелігі болып табылады, деп атап өтті малазиялық мамандар. 

Кездесу соңында «Аксесс Блокчейн» қауымдастығының президенті Рене Бернард компания басшылығына шақырғандары үшін алғыс айтты және «блокчейн» технологиясының пайдаланушылары үшін деректердің қауіпсіздігі мен сақталуы, сондай-ақ оларды беру және өңдеу жеделдігі маңызды болатын кез келген сервистерде пайдалана алатынын хабарлады.
 
Тараптар бірлескен жұмысты жалғастыруды және жақын арада ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюды уағдаласты. 

Малазийцы поделились с казахстанцами опытом применения блокчейн


Жобалар
ҚР ЖҚЗ ҒЖ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚР ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚСК
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ