Жаналықтар — gharysh.kz
Главная Новости

Жаналықтар

15.12.2017
Астанада ғарыш саласының жаңа жоғары технологиялық кешені ашылды
 

         Бүгін, 15 желтоқсанда Тәуелсіздік Күні қарсаңында Астанада тәжірибелі өндіріспен Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросы (ҒТ АКТБ) ғимараты ашылуының салтанатты рәсімі өтті.
           ҒТ АКТБ болашақ ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің (ҒА ҚСК) құрамдас бөлігі болып табылады.

            Құрылысты аяқтау және ҒА ҚСК толық пайдалануға енгізу 2018 жылдың соңына жоспарланып отыр. ҒТ АКТБ үлкен кешеннің алғашқы нысаны болып табылады.
IMG_7141я.JPG

Анықтама үшін: ҒТ АКТБ оның құрамдас бөлігі болып табылатын ҒА ҚСК құру тарихы, Мемлекет Басшысының ғарыш саласын құру туралы тапсырмасының шеңберінде, Астанада ТМД аумағында ұқсас жоқ бірегей кәсіпорын салу туралы шешім қабылданған, 2008 жылдан бастау алады. Екі кезеңдік конкурстың қорытындылары бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы ҒА ҚСК құру бойынша жобаны іске асыру үшін стратегиялық әріптесті - EADS Astrium компаниясын («Airbus Defence &Space» концернінің бөлімшесі) таңдады.
         

Тәжірибелі өнідіріспен ҒТ АКТБ КТ жобалау жұмыстарын орындау, жерсеріктерге арналған құрамдас бөліктер мен жерүсті қосалқы жабдық өндірісі үшін арналған.
           Жаңа кәсіпорынға металл бұйымдарды өңдеуге және құрамдас бөліктер мен жерүсті қосалқы жабдық жасауға арналған дәл механика өндірістік учаскесі, инновациялық өнім әзірлеу кезінде үлгілер мен бұйымдар жасайтын 3D-принтинг учаскесі кіреді.
          Сонымен қатар ҒТ АКТБ-да кәбіл өнімі, экранды-вакуумдық термооқшаулау, электроника жасау учаскелері орналасқан.
           Әр түрлі зертханалар бұйымдар мен массасы 100 кг-ға дейін ғарыш аппараттарының механикалық, жылу (термовакуумды) және климаттық сынақтар жүргізуге, сондай-ақ ҒТ АКТБ өндіріс бөлмелерінде тазалық пен ластануды бақылауға арналған.
            Кәсіпорында Германия, Жапония, Ресей, Ұлыбритания, Бельгия, Испания жабдықтары орнатылған. Қазіргі уақытта барлық жабдық құрастырылды және баптау мен іске қосу кезеңін өтуде.
           ҒТ АКТБ ғимаратының жалпы ауданы 9 мың. ш.м астам, соның ішінде 1400 ш.метр ауданымен таза бөлмелер құрайды.  
        ҒТ АКТБ өндірістік учаскелері мен зертханаларын ҚР ҚАӨМ «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы мен стратегиялық әріптес -  «AIRBUS Defence&Space» компаниясы құрылтайшылары болып табылатын «Ғалам» ЖШС  Қазақстан-Франция бірлескен кәсіпорны пайдаланатын болады.
         ҒТ АКТБ ашылуы «Ғалам» ЖШС  мамандарына өндірістік учаскелерді сертификаттау жұмыстарын жүргізуге, құзыреттелікті өсіруге және стратегиялық әріптестің тапсырыстарын орындау кезінде тиісті тәжірибе алуға мүмкіндік береді.
         Болашақта ҒТ АКТБ ғарыш саласы үшін ғана емес, машина жасау, электронды өнеркәсіп саласындағы құзыреттілік пен атқарым орталығы болады деп жоспарлануда.
         ҒТ АКТБ құрылысы барысында ғарыш аппараттарын жобалау бойынша 21 маман оқыды, тағы 34 қазақстандық ҚСК пайдалану және ғарыш аппараттарының құрамдас бөліктері өндірісі үшін тағылымдамадан өтті.

 


Жобалар
ҚР ЖҚЗ ҒЖ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚР ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚСК
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ