Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

27.12.2017
«Қазақстан Ғарыш Cапары» ұлттық компаниясының мамандары қазақстандық қызға сотта өз құқығын қорғауға көмектесті

«Қазақстан Ғарыш Cапары» ұлттық компаниясына («ҚҒС» ҰК)  Атырау облысының тұрғыны  сотта өз құқықтарын қорғау үшін ғарыштық түсірілімдер беруге көмек көрсету туралы өтінішін білдірді.

Азаматша сотқа даулы тұрғын үйді ортақ бірлескен мүлік деп тану және оны бөлу мәселесі жөніндегі азаматтық талаппен жүгінді.

Компания басшылығының тапсырмасы бойынша «ҚҒС» ҰК қызметкерлері Мұрат Абылайхан мен Нәбиев Нұрлыбек сот отырысына қатысты, онда олар сотқа айыру қабілеті жоғары ғарыш аппаратынан түсірілген аэроғарыштық суреттерді ұсынды және тиісті түсініктер берді.

Нәтижесінде сот ғарыштық түсірілімдерді және компания мамандарының түсініктерін ұйғарынды әрі сенімді дәлелдер деп мойындады. Бұл азаматша  дәлелдеріндегі фактілердің сенімділігін растауға мүмкіндік берді. Даулы тұрғын үй ортақ мүлік деп танылды.

Осылайша, Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық түсірілімдердің техникалық деректерінің және «ҚҒС» ҰК қызметкерлерінің жоғары кәсіпқойлығы арқасында әділ сот шешімі қабылданды.

 

 

 

 «Қазақстан Ғарыш Сапары»

ұлттық компаниясы»АҚ

баспасөз қызметі  


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ