Жаналықтар — gharysh.kz
Главная Новости

Жаналықтар

27.12.2017
Қазақстан Республикасы Сенатының депутаттары Ұлттық ғарыштық орталығына және тікұшақтарды құрастыру мен қызмет көрсету зауытына барып келеді
42370.jpg

Бүгін ҚР Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік бойынша комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева бастаған Комитет мүшелері Ұлттық ғарыштық орталығына және «Еврокоптер Казахстан инжиниринг» ЖШС-тің тікұшақтарды құрастыру және қызмет көрсету зауытына барып келді. 

Ұлттық ғарыштық орталығына келу мақсаты – тәжірибелік өндірісі бар ғарыштық техниканың Арнайы құрастырушылық-технологиялық бюросымен (ҒТ АҚТБ) танысу.

ҒТ АҚТБ 2018 жылдың соңында іске қосуға жоспарланған ғарыштық аппараттарды Құрастыру-сынау кешенінің алғашқы пуск кешені болып табылады. Тәжірибелік өндірісі бар ҒТ АҚТБ жобалық жұмыстарды, спутниктер үшін бөлшектерді және жер үсті қосалқы құрал-жабдықтарды өндіру үшін арналған.

Іс-шара барысында Сенат депутаттары ҒТ АҚТБ-нің түрлі өндірістік учаскілерді көріп қайтты: нақты механика, бақылау-өлшеу машина, механикалық сынақтар лабораторийлер, 3-Д принтинг, кабель өнімдері және электроника (ғарыштық мақсаттағы бұйымдарды жасауға арналған) учаскілері.


Бұдан басқа, депутаттарға ғарыштық аппараттарды Құрастыру-сынау кешенінің құрастыру цехтің көрсетілім гелереясымен, сондай-ақ Ұшуларды басқару орталығының жұмысымен танысу мүмкіндігі берілді.

Бұдан соң Парламент жоғары палатасының Комитет мүшелері «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС тікұшақтарды құрастыру және қызмет көрсету зауытына барып келді.

Депутаттар қазақстандық кәсіпорынның өндірістік алаңдарымен танысты, оның сервистік және авиациялық оқыту орталықтарын көрді.

«Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС-і ТМД мен Орталық Азиядағы Airbus Helicopters өндірісінің ЕС145, Н125, Н130 тікұшақтарын құрастыру және техникалық қызмет көрсетуімен, сатумен, сондай-ақ, техниктер мен ұшқыштарды орыс және ағылшын тілдерінде оқытумен айналысатын жалғыз кәсіпорын болып табылады.

Зауыттың базасында тікұшақтарды техникалық қолдау және жөндеу бойынша білікті қызмет көрсететін сервистік орталығы құрылған.

Авиациялық оқыту орталығында озық технологияларды бірегей ұшу жаттығу құрылғысы және өзекті техникалық құжаттаманы қолдану арқылы ЕС145 үлгісіндегі тікұшақтарға ұшқыштар мен авиониктерді, техниктерді оқыту жүргізіледі.

Қазіргі уақытта «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС-і ЕС145 техникалық қызмет көрсету және ұшу-техникалық құрамды оқыту бойынша экспорттық қызмет көрсетуді арттыруды көздеп отыр.


Жобалар
ҚР ЖҚЗ ҒЖ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚР ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚСК
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ