Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

05.01.2018
Ғарыш аппараттарының кешені қашан іске қосылатыны депутатарға хабарланды

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» фракциясының мүшелері Ұлттық ғарыш орталығына келіп кетті, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі. 

Мәжілісмендер Ерсұлтан Бектұрғанов пен Жанат Жарасов, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шыңғыс Қожахметов  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының еңбек ұжымымен кездесті және ғарыш орталығының нысандарын қарап шықты. 

Қонақтарға Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) ғарыш жүйеінің жұмысын көрсетті,  орбитада үш жылдан артық жұмыс істейтін екі қазақстандық ЖҚЗ жерсерігінің мүмкіндіктерімен және өнімімен таныстырды.. 

ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында 2017 жылы 15 желтоқсанда ашылған, жаңа ғарыштық инфрақұрылым нысаны депуттардың ерекші қызығушылығын туғызды. Бұл тәжірибелі өндіріспен ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросы (ҒТ АКТБ), ол жобалау жұмыстарын орындауға, ғарыштық аппаратардың құрамдас бөліктері мен жерсеріктер үшін жерүсті қосалқы жабдықтарды өндіруге арналған. 

Халық қалаулылары ғарыштық мақсаттағы бұйымдар жасау жоспарланып отырған дәл механиканың, бақылау-өлшеу машиналардың, механикалық сынақтар зертханаларының, 3D-принтингтің, электроника мен кәбіл өнімінің өндірістік учаскелерін қарап шықты. 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының төрағасы Ерғазы Нұрғалиев ҒТ АКТБ ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің (ҒА ҚСК) іске қосу кешенінің бөлігі болып табылатын атап өтті, оны пайдалануға енгізу 2018 жылдың аяғына жоспарланды. 

«Қазіргі заманғы Ұлттық ғарыш орталығымен, ғарыштық технологиялар жасайтын компанияның жұмысымен танысу бізді таңқалдырды және біз «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының еліміздің ғарыш саласын одан әрі дамыту жөніндегі бастамаларын заң шығару жағынан қолдауға дайынбыз», - деді ҰҒО бару нәтижелері жөнінде депуттар.

20180105173951.jpg20180105174038.jpg20180105174001.jpg20180105173957.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ