Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

08.05.2015
KazEOSat-1 жерсерігі ғарыштан таңбалы санды түсіріп алды

АСТАНА.ҚАЗАҚПАРАТ - «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ (ҚҒС) қызметкерлері Ұлттық ғарыш орталығының (ҰҒО) аумағында флешмоб өткізді, оны KazEOSat-1 Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) қазақстандық жерсерігінің орбитадағы жұмысының бір жылдығына арнады. 

Бүгін 12 сағат 11 минутта ғарыш аппараты Астананың үстінен ұшып өтті және ғарыш компаниясының қызметкерлері ақ фирмалық кепкалармен ЖҚЗ орталығы ғимаратының алдындаға жасыл алаңқайда «1» саны түрінде сапқа тұрып  KazEOSat-1 сәлемдесті. 

Үш сағаттан кейін флешмобтың ғарыш түсірімі дайын болды. 

ЖҚЗ деректерін фотограмметриялық өңдеу тобының жетекшісі, ҚҒС компаниясының жерүсті мақсатты кешені басқармасының жетекші инженері Аян Базылбековтың айтуынша сүреттің сапасы жақсы болды: жасыл алаңқайда ақ түсті 1 саны анық көрінеді.   

ЖҚЗ ғарыш жүйесі орталығының директоры Айдар Қуатбаев айтқандай бүгінгі таңда қазақстандық мамандар 750 километр биіктікте күн-синхронды орбитада жұмыс істейтін айыру қабілеті жоғары KazEOSat-1 ғарыш аппаратынан екі мыңнан астам түсірімдерді алды және өңдеді. 

«Біз ЖҚЗ жерсерігін толық басқарып отырмыз, ғарыш түсірімдері әлі де – ғарыш аппаратын пайдалануға қабылдағанға дейін тесттік режімде жасалады. Жақын арада біздің компания KazEOSat-1 меншігіне алады және біз ЖҚЗ ғарыш жүйесі жобасын толық коммерциялық іске асыруға кірісеміз», -  деді «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің м.а. Марат Нұрғожин. 

Бір тәулік ішінде KazEOSat-1 Жерді он бес рет аралап ұшып шығады және алты рет Астананы көру аймағында болады. ЖҚЗ бірінші қазақстандық жерсерігінің орбитадағы бір жылғы жұмысын атап өткен  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ  қызметкерлері тәулік бойы оны қадағалауда.

1_god_01.jpg

02.jpg

03.jpg

04.jpg



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ