Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

30.05.2018
Шетелдік сарапшылар Қазақстандағы ғарыштық технологиялардың дамуын жоғары бағалады


Зарубежные эксперты высоко оценили развитие космических технологий в Казахстане

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ -  «Қазақстандағы ғарыш күндері» жыл сайынғы халықаралық форум биыл  ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ҚАӨМ) біріші рет ұйымдастырған  KADEX-18 көрмесінің аумағында өтті, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі.

Әлемнің жетекші ғарыштық компаниялар өз жетістіктерін «KADEX-2018» ұсынды.

Қазақстанның ғарыш форумына қатысу үшін ғарыштық ведомстволар мен мемлекеттік органдардың, ғарышкерлердің, белгілі ғалымдардың, әлемнің 20-дан астам (Франция, АҚШ, Жапония, Италия, Ресей, Ұлыбритания, Сауд Арабиясы, Беларусь, Украина, Қытай, БАӘ, Корея және басқа) елінен ғарыштық технологиялар саласындағы жетекші әлемдік компаниялар мамандарының  500 астам өкілі келді. 

Украина, Ресей, Франция, Италия ғарыш ведомстволарының  басшылары форум жұмысының нәтижелерінен алған өзінің әсерімен «Қазақпарат» ХАА тілшісімен бөлісті. 

Форумда сөз сөйлеген кезде Украина Ұлттық ғарыш агенттігінің (УҰҒА) төрағасы Павел Дегтяренко қазақстандық ғарыштың табыстары елдің ғарыш саласының дамуына баса назар аударатын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің атымен тікелей байланысты екенін атап өтті. «Қазақстанда ғарыш аппаратарының аздығы ештеңе етпейді. Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені (ҒА ҚСК), ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросы (ҒТ АКТБ) құрылуда, Ұлттық ғарыш орталығының құрылысы жүргізілуде. Ең бастысы – дұрыс тәсіл анықталды, ғарыштық инфрақұрылымның негізі салынуда»,- деді УҰҒА басшысы.


Зарубежные эксперты высоко оценили развитие космических технологий в Казахстане

П. Дегтяренконың пікірі бойынша, әлемдік ғарышкерлік тарих үш кезеңді басынан өткерді. Алғашқы рет әлемді Гагаринның ұшуы дүр сілкінтті, екінші рет таңғаларлық оқиға бұл Айға үшу болды, және үшінші рет әлемді  Илон Маск таңғалдырды. «Ғарышкерлік олигархтарды туғызбайды, бұл олигархтар ғарышкерлікке  үлес қосуды құрмет деп есептейді және кейін миллионер болады», - деп қалжыңдады Украинаның ғарыш ведомствосының басшысы. «Адамзатты ғарышкерлікке бірге жылжытайық!» - деді ол, форумның барлық қатысушыларына  және аса жеңіл зымыран құруда Қазақстанға ынтымақтастық ұсынды.

Форумның жұмысына, осы күндері Халықаралық ғарыш стансасына кезекті ғарыш экспедициясының сөре алдындағы дайындығы жүріп жатқан Байқоңырдан келген   «Энергия» ресей ғарыш корпорациясының (РҒК) делегациясы қатысты.

Бас конструктордың бірінші орынбасары -  «Энергия» РҒК ұшқыш басқаратын ғарыш кешендерінің бас конструкторы Сергей Романов пен Байқоңыр ғарыш айлағындағы «Энергия» РҒК өкілдігінің директоры генерал-лейтенант Леонид Баранов Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығына (ҰҒО) келіп кетті.

«Көргенім мені қатты таңғалдырды», - деді бас конструктор ҒТ АКТБ-дағы жұмыс орындарына, Астанада салынып жатқан ғарыш аппараттарының зауытына барып шыққаннан кейін. - «Ғарыш аппараттарын құрудың толық технологиялық циклі, қазіргі заманғы жабдық, жаңа технологиялар, өз ісіне берілгендік. Ғарыштық техниканы қалай құруды білетін, болашаққа қарайтын жас мамандардың жалынды жанарларын көрдім», Қазақстан ғарыш саласының дұрыс даму стратегиясын таңдап алды және жақсы нәтиже болатынына сенімдімін», деп тұжырымдады С. Романов. 

Зарубежные эксперты высоко оценили развитие космических технологий в Казахстане

Зарубежные эксперты высоко оценили развитие космических технологий в Казахстане

Airbus Defence and Space  еуропа концернінің француздық бөлімшесінің аға вице-президенті Хьюг Лаппорт Вейвада Қазақстан ғарышының дамуына қосқан үлесі үшін Қазғарыштың 25 жылдығына орай мерейтойлық медальмен марапатталды. 

Зарубежные эксперты высоко оценили развитие космических технологий в Казахстане

Алған әсерімен бөлісе отырып,  Хьюг Лаппорт-Вейвад Қазақстандағы және бүкіл әлемдегі ғарыш қызметімен таныстыру үшін қазіргі техникалық шешімдерді пайдала отырып, КADEX-2018 халықаралық көрмесі шеңберінде алғашқы рет ұйымдастырылған форумның жоғары деңгейін атап өтті.

«Осы уақыт ішінде Қазақстанның басқару органдарымен ғарыш саласындағы болашақ бірлескен бағдарламалар жөнінде көптеген кездесулер, келіссөздер өткізілді.  Форум шеңберінде Airbus Defence and Space  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-мен KazEOSat-1, KazEOSat-2» ЖҚЗ қазақстандық спутниктерінен түсірімдерді халықаралық таратуға қосымша келісімге қол қойды, - деді француз компаниясының басшысы.

Қазғарыштың ведомстволық марапатымен құттықтауларды қабылдай отырып, Хьюг Лаппорт-Вейвад бұл марапатты алу ол үшін үлкен құрмет екенін атап өтті.  «Бұл елде жұмыс істеу, Қазақстанда ғарыш қызметін дамытуға өз үлесімді қосу мен үшін сүйсінерлік іс. Мен, Қазақстан Үкіметіне біздің командамыздың, Airbus Defence and Space компаниямыздың жұмысын жоғары бағалағаны және мойындағаны үшін өте ризамын», - деді ол.

«Біздің ынтымақтастығымыз 2009 жылы мемлекеттеріміздің басшыларының қолдауымен басталғанын және айыру қабілеті жоғары ЖҚЗ қазақстандық спутнигінің алғашқы ұшуы біздің көмегімізбен болғанын  мақтан тұтамыз», - деді ол.

«Бүгін Қазақстанның ғарыш қызметі өте жақсы деңгейде, бірегей нысандар салынуда, ғарыш саласында жақсы білімімен  мамандары бар және біздің компаниямыз Қазақстанның жақын болашақта өзіне меншікті спутниктерді жасауына мүдделіміз. Ең бастысы қарқынын жоғалтпау», - деп атап өтті Хьюг Лаппорт Вейвада «Қазақпарат» ХАА берген сұхбатында.

Зарубежные эксперты высоко оценили развитие космических технологий в Казахстане

Thales Alenia Space  француз компаниясының итальяндық бөлімшесінің вице-президенті Джузеппе Матараццо өзінің жарқын және айқын тұсаукесерінде өз кәсіпорнының  табыстары туралы әңгімелеп берді. Қазақстанмен  KazSat жобасындағы табысты көп жылғы ынтымақтастықты атай отырып,  Матараццо бірлескен жұмысты мақтан тұтатынын айрықша баса айтты. Келешекке келсек, Thales Alenia Space Қазғарышқа «КосмоСкайМЕд» Жерді бақылау жөніндегі итальяндық бағдарламада ынтымақтастық, қазіргі ғарыштық технологиялар бойынша кадрларды бірлесіп даярлауды ұсынды. «KADEX» және «Ғарыш күндері» Қазақстанның ғана мамандарымен емес, әлемнің көптеген жетекші компанияларының мамандарымен қорғаныс, авиация және ғарыш саласында жаңа идеялармен алмасу үшін тамаша негіз болды», - деді сөзінің соңында  Джузеппе Матараццо..

Зарубежные эксперты высоко оценили развитие космических технологий в Казахстане

Зарубежные эксперты высоко оценили развитие космических технологий в Казахстане

Зарубежные эксперты высоко оценили развитие космических технологий в Казахстане




Жобалар
ҚР ЖҚЗ ҒЖ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚР ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚСК
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ