Жаналықтар — gharysh.kz
Главная Новости

Жаналықтар

07.06.2018
«Қазақстандағы ғарыш күндері: Қазғарыштың 25 жылдығы» Халықаралық форумы қорытындысының ҚАРАРЫ

Астана қ.                                                                                                                              24.05.2018 ж. 

 2018 жылдың 23-24 мамыр күндері Астанада «Қазақстандағы ғарыш күндері: Қазғарыштың 25 жылдығы» Халықаралық форумы өтті.

Биыл «Қазақстандағы ғарыш күндері» Халықаралық форумы алғаш рет Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұйымдастырған V Халықаралық «KADEX - 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі шеңберінде өткен.

Іс-шараның басты мақсаты экономика саласындағы мәселелерді шешу үшін ғарыш қызметіндегі нәтижелерді қолдану бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ отандық ғарыштық саланың жетістіктерін насихаттау еді.

2013 жылдан бастап өткізілетін жыл сайынғы Форум ғарыш саласының түрлі мәселелерін талқылауға арналған тиімді халықаралық диалогтық алаңы болып табылады.

Бұл шараға әлемнің 23 елінен келген 500-ден астам ғарыш мекемелері мен мемлекеттік органдардың өкілдері, ғарышкерлер, танымал ғалымдар, әлемнің ғарыш технологиясы саласындағы жетекші компанияларының мамандары қатысты.

Форумның пленарлық отырысы аясында Жапонияның Аэроғарыш зерттеулер агенттігі, Украинаның Мемлекеттік ғарыштық агенттігі, француздық Airbus Defence and Space компаниясы, Thales Alenia Space Italia итальяндық компаниясы, SES Networks люксембург компаниясы, «М.Ф. Решетнев атындағы Ақпараттық спутниктік жүйе» ресейлік компаниясы, Deimos Imaging испаниялық компаниясы, Planet және Hexagon Geospatial. американдық компаниялар басшылығының өкілдері баяндама жасады.

Қазғарыштың 25 жылдығына арналған пошталық марканы «KADEX - 2018» эмблемасы бар алғашқы күн конвертінде арнайы пошта мөрқалыбымен соғудың салтанатты рәсімі өтті.

Халықаралық ғарыштық стансасы экипажының бейнеқұттықтауы көрсетіліп, Қазақстан ғарышкерлері және шетел стратегиялық әріптестері «Ғарыш саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» ведомстволық медальдармен марапатталды.

         Халықаралық форумның жұмысы (шеберлік сабақтармен қатар) келесі тақырыптарға арналған 4 секцияның шеңберінде өтті:

         1 секция «Жерді қашықтықтан зондтау және навигация» 

         Бұл секция барысында 17 бандама тыңдалды. Түрлі елдерден баяндама жасаушылар экономика, сондай-ақ қорғаныс пен қауіпсіздік салаларында Жерді қашықтықтан зондтау мен дәлдігі жоғары навигация жүйесі технологияларын қолдану тәжірибелерімен бөлісті.

         Осы тақырыпта Қазақстан, Франция, Испания, Ресей, АҚШ, Үндістан мен Беларусь мамандары өз баяндамалары мен презентацияларын көрсетті.

 

 

  2 секция «Байланыс және телекоммуникация»

  Бұл секция бойынша Италия, Ресей, АҚШ, Франция, Германия және Люксембург елдері мамандарының 13 баяндамасы тыңдалып, талқыланды.

   Секция қатысушылары ғарыштық жүйелер, спутниктік құрал-жабдықтар, ғарыштық жүйелерін дамытудың өзекті мәселелерә бойынша пікір алмасып, спутниктік коммуникациялар саласындағы жаңа технологияларды игеру бойынша тәжірибемен алмасты.

  3 секция «Ғарыштық техниканы өңдеу»

  Аталған секцияның шеңберінде 8 баяндама тыңдалды, оның ішінде ғарыш техниканыжетекші әлемдік өндірушілері сөз сөйледі: AIRBUS D&S (Франция), Thales Alenia Space (Италия), Surrey Satellite Technology Ltd. (Ұлыбритания), Satrec Initiative (Оңтүстік Корея), Antrix Corporation (Үндістан), «М.Ф. Решетнев атындағы Ақпараттық спутниктік жүйе» АҚ (Ресей).

  Ғарыштық техниканы құрудың заманауи трендтері қарастырылды: мультифункционалдыққа, өлшемдерді кішірейтуге, инновациялық материалдарды пайдалануға, үлкен топтамаларды құруға, әлемдегі ғарыштық бағдарламалар бойынша ынтымақтастыққа ұмтылу.

  Сонымен бірге KazSciSat наноспутнигін Астананың Ұлттық ғарыш орталығындағы Арнайы құрастыру-технологиялық бюросында сынау туралы «Ғалам» ЖШС-нің (ҚР) де баяндамасы тыңдалды.  

  4 секция «Ұшыру қызметтері»

  Бұл секцияда 7 баяндама тыңдалды. Қазақстандық және ресейлік әріптестер «Бәйтерек» ғарыштық-зымыран кешенін құру бірлескен жобасын жүзеге асыруын, сондай-ақ «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыран-тасығыштар ұшыруларының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Халықаралық форум аясында алғаш рет Еуразиялық аэроғарыштық конгресстің жылжымалы сессия – Еуразиялық аэроғарыш конференциясы: «Аэроғарыш саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың заманауи трендтері» өтті. Оның ұйымдастырушылары – Аэроғарыштық кластерлердің еуразиялық әріптестігі және ҚР ҚАӨМ.

Талқылау барысында Қазақстан, Ресей, Қытай, Франция және Германия елдерінің аэроғарыштық өндіріс кәсіпорындарының басшылары, жетекші мамандары мен ғалымдары аэроғарыштық индустрия дамуының жаңа тенденциялары мен халықаралық кооперацияның перспективті бағыттары туралы өз көзқарастармен бөлісті. Барлығы 10 баяндама жасалды.

«Ғарыш» павильонында Airbus Defence and Space,  Deimos Imaging және басқа ұйымдардың қатысуымен Жерді қашықтықтан зондтау және навигации бойынша шеберлік сабақ өтті. 5 баяндама жасалды.

Жалпы алғанда 60 баяндама мен сөздер тыңдалды, бұл барлық секция жұмысы өте тиімді болғанын көрсетеді. 

Сонымен қатар, «Жерді қашықтықтан зондтау деректерінің ұлттық көздері негізінде ғарыштық және геоақпараттық қызметтерді ұсыну бойынша Еуразиялық экономикалық одақ мүше-мемлекеттерінің  біріктірілген жүйесі» Мемлекетаралық бағдарламасы жобасына ұсыныстар дайындау жөніндегі Мемлекетаралық жұмыс тобының отырысы өтті.

Аталған отырыстың шеңберінде Мемлекетаралық бағдарламасының жобасы мен оның техникалық-экономикалық негіздеме мәселелері талқыланды.

Отырыс қорытындылары бойынша келесі шешімдер қабылданды:

- Одақ елдері кәсіпорындарының кооперациясында құрастырылатын және өңделетін дәлдігі орта және жоғары ғарыштық аппараттарының негізінде ЕЭО мүше-мемлекеттерінің ЖҚЗ ғарыштық жүйесін құруға бағытталған Мемлекетаралық бағдарламасының жобасына қосу үшін ұстанымды әзірлеу;

- ЕЭО елдерінің перспективті бірлескен орбиталды топтамасына ұсынылатын дәлдігі орта ҒА (Қазақстан) және дәлдігі жоғары ҒА (Ресей, Беларусь) жобалық бейне мен бағасы бойынша ақпаратты дайындау;

- «ЕЭО елдерінің ұлттық операторлардың ұлттық ғарыштық бағдарламалар шеңберінде құрастырылған және құрастырылып жатқан ҒА орбиталды топтамасынан алынатын ЖҚЗ мәліметтерін қабылдайтын бағдарламалық-аппараттық кешендерін жаңғырту» жобасын техникалық сүйемелдеу мен бағалау бойынша Мемлекетаралық бағдарламасының техникалық-экономикалық негіздемесіне ақпаратты дайындау;

- Ұлттық тапсырыс беруші – Мемлекетаралық бағдарламасының үйлестіруші функцияларын өзіне алуға дайындығы бойынша ресми ұстанымын әзірлеу.

Халықаралық форум шеңберінде әрекеттегі және потенциалды серіктестермен кездесулер өткізілді.

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Жапонияның Аэроғарыш зерттеулер агенттігінің президенті Хироши Ямакавамен және король Абдалла II атындағы Иорданияның корольдік географиялық орталығының бас директоры Ауни Хасаунимен екіжақты кездесу өткізді. 

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-министрі Марат Нұрғожин, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің және оған қарасты ұйымдар басшылығы 50 кездесу өткізді.

Сонымен қатар бірнеше ресми құжаттарға қол қойылды: 

- Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Иран Ислам Республикасының (ИИР) Қорғаныс министрлігі, сондай-ақ ИИР Ұлттық ғарыштық әкімшілігі өкілдерінің арасындағы кездесу Хаттамасы;

- ҚР ҚАӨМ АК «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен Airbus Defence and Space компаниясы (Франция) арасында «KazEOSat-1» және «KazEOSat-2» ЖҚЗ спутниктерінің суреттерін халықаралық тарату бойынша келісімшарттың ұзартылуы;

- ҚР ҚАӨМ АК «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен Hexagon Geospatial компаниясы (АҚШ) арасында ынтымақтастықты дамыту бойынша Жол картасы;

- ҚР ҚАӨМ АК «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен Planet Labs компаниясы (АҚШ) арасында өзара түсіністік бойынша Меморандум;

- ҚР ҚАӨМ АК «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен EOS Data Analytics компаниясы (АҚШ) арасында ынтымақтастық туралы Меморандум;

- ҚР ҚАӨМ АК «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен Mohammed Bin Rashid Space Centre компаниясы (БАӘ) арасында ынтымақтастық туралы Меморандум.

 Форум туралы қорытынды ақпарат (баяндамалар, презентациялар,  фотоматериалдар) www.gharysh.kz/forum20178 сайтында орналастырылды.

  Халықаралық форумға қатысушылар өзара пікір алмасу мен тәжірибелермен бөлісу жемісті болды деп санайды. Бірлескен жұмыс нәтижелерін келесі шешімдер мен ұсынымдардан көруге болады:

ЖҚЗ мен ДЖСНЖ технологияларды, ғарыштық байланысты қолдану бойынша:

- Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) мен дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі (ДЖСНЖ) технологияларын Қазақстан Республикасы экономикасының мүдделеріне қарай және ұлттық қауіпсіздік мақсаттарында қолдану мәселелері бойынша жетекші компаниялармен әріптестікті жалғастыру;

- жаңа технологияларды бірлесіп жасау бойынша, сондай-ақ ЖҚЗ мен спутниктерін локалды өндіруді дамыту бойынша кооперацияны күшейту;

- жетекші компаниялардың ұсыныстарын зерттеп, ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитетіне ЖҚЗ мен ДЖСН, байланыс жүйелерін дамыту бойынша ұсыныстармен қоса сараптамалық материалдарды енгізу

- Бірыңғай технологиялық платформа негізінде жаңа кооперацияларды құру және түрлі елдерінің ЖҚЗ ғарыштық жүйесінің мүмкіндіктерін біріктіру;

- кіші ЖҚЗ «Аист-2Д» ҒА ақпаратына қол жету үшін арналған сервисті құрастыруға көбірек көңіл бөлу;

- көпдеңгейлі шұғыл ЖҚЗ жүйесін дамыту саласында Ресей мен Қазақстанның бірлескен пилоттық азаматтық жобаларын жүзеге асыру мүмкіндігін зерттеу және тиісті ұсыныстарын әзірлеу;

- төтенше жағдайлар, сейсмологиялық қауіпті аудандарды, пайдалы кен жерлерді, мұнай төгілістерді, сондай-ақ ауылшаруашылық алқаптарды мен өсімдік өнімдерді, биоқауіптерді бақылау үшін геоақпараттық жүйелерді құру бойынша жұмыстарын жалғастыру;

- GPS/ГЛОНАСС технологиялар негізінде Апат жағдайларда шұғыл шақыру жүйесін құру жұмыстарын жалғастыру;

- ЭВАК-транзит жобасы мүше-елдерінің интеграциясына бағытталған кеден жүктерді Электронды бақылаудың бірыңғай жүйесін құру мен ендіру бойынша жұмыстарын жалғастыру;

- ТМД мүше-мемлекеттерінің Мемлекетаралық радионавигациялық бағдарламасын орындау бойынша жұмыстарын жалғастыру;

- «ТМД мүше-мемлекеттерінің аумағы бойынша өтетін халықаралық көлік транзиттік дәліздерін басқаруға арналған заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологиялар негізінде құрал-бағдарламалық кешенін құру» жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстарын жалғастыру;

ғарыштық техниканы өндіру бойынша:

- Қазақстан Республикасы мүдделеріне орай ғарыштық техниканы өндіру мәселелері бойынша жетекші компаниялармен ынтымақтастықты жалғастыру;

- саланың қазіргі трендтерін есепке ала отырып, ағымдағы жобалар бойынша кооперацияны жалғастыру және ЖҚЗ мен байланыс спутниктерін локальды өндеу мен сынауды дамыту бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға көңіл бөлу;

- Қазақстанға Ұлттық ғарыштық орталығы негізінде ғарыштық жүйелерді құрастыра және оларды басқара отырып, жаңа құрылатын спутниктер топтамаларына қатысу арқылы ЖҚЗ мен телекоммуникация әлемдік нарықтарының толыққанды мүше болуға кеңес беру;

- әлем нарығына ортақ өніммен шығу мақсатында бірлескен тәжірибелік-құрастыру жұмыстарын, сондай-ақ перспективті пилотсыз авиациялық техниканы құрастыру өндірістерін бірлесіп ұйымдастыру мүмкіндігін зерттеу және ұсыныстарын әзірлеу;

- ғарыш пен авиация үшін жаңа техникалық шешімдерді игеру мен ендіру мүдделеріне орай интеграцияны күшейту;

- шығарылатын өнімдердің сапасын және жаңа технологияларды игеру мен ендіру жылдамдығын жоғарлатуға бағытталған жаңа технологиялық үрдістерді игеру саласындағы бар тәжірибемен алмасу;

- өндірістің аэроғарыштық секторға арналған технологиялар мен үрдістер саласындағы жаңа жобалар, әзірлемелер туралы ақпаратты іздеуді жеңілдететін және оны қол жетімді ететін бірыңғай технологиялық платформа негізінде білім қорын құру;

ұшыру қызметтер бойынша:

- ұшыру қызметтерін ұсынатын жетекші компаниялармен ынтымақтастықты жалғастыру;

- Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіз «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру жобасын қолдау;

- Марсты зерттеу бойынша халықаралық жобаларды жүзеге асыру және жаһанды байланыс жүйелерін құру бойынша жұмысты белсенді атқару;

- ұшыру қызметтер саласындағы бар тәжірибемен алмасу.

Еуразиялық аэроғарыштық конференция мүшелері тыңдалған баяндамалар мен тәжірибе алмасу қорытындылары бойынша келесі шешімдер мен ұсынымдарға келді:

- жетекші әлемдік астрофизикалық орталықтар мен халықаралық одақтармен бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастыру;

- ТМД мүше-мемлекеттерінің Парламентаралық Ассамблеяның жанында «Биоқауіптерден қорғану бойынша ТМД мүше-мемлекеттерінің бірыңғай ақпарттық жүйені» құру жұмыстарын жалғастыру;

- халықаралық ынтымақтастық мүдделеріне орай ҒА траекториялық өлшемдердің квант-оптикалық жүйелерін және ғарыштық қоқыстарды  оптикалық-электрондық бақылау жүйелерін дамыту жұмыстарын жалғастыру;

- ғарыштық кеңістік факторлардың радиоэлектрондық құрал-жабдықтарға және ғарыштық аппараттар конструкциялардың элементтеріне әсер етуін физикалық модельдеу бойынша ресейлік-қазақстандық орталығын құру мүмкіндігін зерттеу және ұсыныстарын әзірлеу;

  - Үшінші Еуразиялық аэроғарыштық конгресс шеңберінде Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының перспективті пилотсыз авиациялық техника үлгілерін құруын бақылау саласындағы ынтымақтастығы бойынша дөңгелек үстелін ұйымдастыру мен өткізу.


Жобалар
ҚР ЖҚЗ ҒЖ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚР ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚСК
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ