Главная Новости

Новости

15.05.2015
ЖҚЗ жөніндегі халықаралық семинарға қатысуға шақырамыз

АСТАНА. МЕНШІКТІ АҚПАРАТ –  2015 жылдың 4 маусымында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ орталық кеңсесінде «Жерді қашықтықтан зондтау деректерін өңдеудің қазіргі фотограмметриялық технологиялары. PHOTOMOD 6.0 ЦФС жаңа мүмкіндіктері» тақырыбына семинар өтеді. 

Семинар ұйымдастырушылары: «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ (Қазақстан Республикасы), «Ракурс» ЖАҚ (Ресей), «RAM Trade company» ЖШС (Қазақстан Республикасы). 

Семинар барысында мыналар талқыланатын болады:
 Сандық фотограмметрия дамуының жағдайы мен үдерісі;
Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) деректері және сандық фотограмметриялық технологиялар (СФТ) кеңістіктік деректер құру аспабы ретінде;
PHOTOMOD® СФТ жаңа мүмкіндіктері;
Сандық фотограмметриялық технологияларды практикалық қолдану тәжірибесі;
PHOTOMOD® бағдарламалық кешені бойынша мастер-класс.
Бұл семинар мынадай салалардың мамандарына арналған:
Картография және геодезия,
Үш өлшемді модельдеу;
Ғылым және білім.
Маркшейдерия;
Кадастр;
Қатынас жолдары мен телекоммуникакциялық желілерді жобалау және құрылысы;

Экологиялық мониторинг пен табиғи және техногенді апаттар салдарларын картаға түсіру.

«RAM Trade company» ЖШС – Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ТМД елдерінің аумағында ғылым, өнеркәсіп пен білім саласына жаңа ақпараттық технологияларды енгізумен және таратумен айналысатын тауарлық-сервисті компания. Өз қызметі жылдары ішінде компания мынадай: Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университеті, Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Әлфараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, РҒА Уфа ғылыми орталығының органикалық химия институты, Жайрем тау-кен байыту комбинаты, "Nazarbayev University Research and Innovation Systems" ЖУ, ҚазҰАУ жанындағы   Қазақ-жапон орталығы, Томск мемлекеттік университеті, "Органикалық катализ және электр химия институты» АҚ, Энергетикалық зерттеулер" орталығы» ЖУ және басқа сияқты компаниялармен қызметтес болды.

«Ракурс» ЖАҚ (Мәскеу, Ресей Федерациясы) – әлемдік геоинформатика нарығында көшбасшылардың бірі болып табылады. Компания ресейлік және әлемдік нарықта алғашқылардың бірі болып дербес компьютерлерге арнап PHOTOMOD коммерциялық сандық фотограмметриялық жүйені ұсынды. Қазіргі уақытта PHOTOMOD Ресейде кеңінен таралған коммерциялық СФТ болып табылады және әлемнің 70 елінде табысты пайдалануда
 

Өткізілетін орыны: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауд., Тұран дағ., 89, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ конференц-залы.

Өткізілетін күні: 2015 жылдың 4 маусымы.

Өткізілетін уақыты: сағат 9.30-18.00.

Семинарға қатысу тегін (қатысушылар жолы мен тұруын ғана төлейді).

Семинарға қатысу үшін мынадай http://www.companyram.kz/#!rtc-photomod-seminar/cul3 сілтеме бойынша онлайн тіркелу немесе қоса беріліп отырған нысанды толтыру және оны r.madi@gharysh.kz электронды пошта арқылы жіберу қажет. 

Тіркеу нысаны: /upload/RegForm.doc 

Анықтаманы мынадай телефондар «Қазақстан Ғарыш Сапары» (Қазақстан Республикасы): +7 (7172) 24 87 11; 24 88 38; 24 86 65 Мәди Ринат;
RAM Trade company: +7 (727) 300-75-43, +7(707) 609-98-00 Ильдар;
«Ракурс» ЖАҚ: +7 (495) 720-51-27 Мона Авада, Андрей Пирогов арқылы алуға болады.



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ