Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

15.05.2015
ЖҚЗ қазақстандық жерсеріктерінен алынған түсірілімдер шетелде таратылатын болады

АСТАНА.ҚАЗАҚПАРАТ – Тулуза қаласында өткен Airbus Defence and Space Geo SA француз компаниясының дистрибьюторлар халықаралық конференциясының шеңберінде KazEOSat-1 және KazEOSat-2 ҒА Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) қазақстандық жерсеріктерінен түсірілімдерді халықаралық тарату келісімшартына қол қойылды.

Бұл туралы біздің агенттікке дистрибьюторлар конференциясына қатысқан және қазақстандық тараптан келісімшартқа қол қойған «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Ғарыш жүйелерді құру және пайдалану вице-президенті Бағлан Қазиев хабарлады.

Конференцияда 2014 жылғы Airbus Defence and Space Geo SA компаниясының жұмыс нәтижелері баяндалды. Airbus Defence and Space Geo SA ғарыш түсірілімдерінің ғаламдық сатылымдар өсуінің қарқыны 54% құрады, оның ішінде ғарыш аппараттарынан алынған ғарыш түсірілімдерінің үлкен бөлігі әлемнің 86 елінде реселлерлер көмегімен жүзеге асырылған.
«Осылай, біздің отандық ғарыш аппараттарынан алынған түсірілімдер Airbus Defence and Space Geo SA реселлерлер желісінің көмегімен әлемнің 86 елінде таратыла алынады», - деді Б.Қазиев. Сондай-ақ Францияға жасалған жұмыс сапар барысында ғарыш түсірілімдерінің маркетингі және сатылымымен айналысатын қазақстандық мамандардың тренингтерін Тулузада ұйымдастыру жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.


DUBAI_20140522_PS-01.jpg

IMG_0337-2.jpg

Photo-3.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ