Жаналықтар — gharysh.kz
Главная Новости

Жаналықтар

04.07.2018
Қазақстанның Ұлттық ғарыш орталығына 8 жыл толды

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ерекші мәні бар күнді атап өтуде. Осыдан 8 жыл бұрын, 2010 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш орталығы (ҰҒО) құрылысының басталу құрметіне естелік белгі ашылды, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі. 

8 жыл бұрын өткен салтанатты рәсімге ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, Франция Экономика, өнеркәсіп және халықты жұмыспен қамту министрлігінің Сыртқы сауда мәселелері жөніндегі мемлекеттік хатшысы  Анн-Мари Идрак, Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев,  EADS Astrium  француз компаниясының басшысы Франсуа Ок қатысты. 

Национальному космическому центру Казахстана 8 лет

8 жылдан кейін, 2018 жылғы 2 шілдеде Қазақстан ғарыш инфрақұрылымының аса ірі объектісіне Мемлекет Басшысы Н. А. Назарбаев келіп кетті.

Қазақстанның ғарыш ісі үшін Мемлекет Басшысының ҰҒО-ға осы сапарының мәні ерекше, өйткені Қазақстан мен Францияның ғарыш саласындағы стратегиялық әріптестігі туралы шешімнің бастау алуын 2008 жылы маусымда ҚР Президенті жүзеге асырды.   

Национальному космическому центру Казахстана 8 лет

Қазақстан мен Франция өткен он жылдық ішінде ҚР Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін (ЖҚЗ ҒЖ) құру жөніндегі ауқымды жобаны табысты іске асырды.  Қазақстан мамандары екі ЖҚЗ жерсерігінен және жерүсті басқару кешенінен тұратын ЖҚЗ ҒЖ-ны төртінші жыл табысты пайдалануда.

Национальному космическому центру Казахстана 8 лет

Ұлттық ғарыш орталығының «жүрегі» болып табылатын, бірегей ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің (ҒА ҚСК) құрылысы аяқталуға жақын. Әртүрлі мақсаттағы ғарыштық аппараттарды жобалау, жинау және сынау жүргізілетін ҒА ҚСК іске қосу 2018 жылдың соңына белгіленіп отыр. Кешенді пайдалануды және ғарыш аппараттарын өндіру бойынша қызметтерді нарыққа жылжытуды 2010 жылы құрылған Қазақстан-Франция БК - «Ғалам» ЖШС жүргізуде. Астана күні қарсаңында Ұлттық ғарыш орталығының аумағында ашық аспан астында – Қызылорда облысының Астананың 20 жылдығына арналған тартуы пайда болды. 

Национальному космическому центру Казахстана 8 лет

Сондай-ақ, Астананың 20 жылдығының және ҰҒО құрылуының 8 жылдығы құрметіне «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ стратегиялық әріптесі - Airbus Defence & Space француз компаниясы «Аспан мен жер арасында» деген атаумен Тулуза ғарыштық қалашықтың көрме павильонның тұсаукесерін өткізді. 

Национальному космическому центру Казахстана 8 лет

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ аумағындағы «Ғарыш»  павильонында «Кометалар - планета жүйелерінің негізін салушы» және «Су: жоғарыдан қарағандағы көрініс» деген екі тақырыптық көрме 2018 жылы 4 шілдеден бастап 23 қыркүйек бойы  бас қаланың тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылады. 

Национальному космическому центру Казахстана 8 лет


Жобалар
ҚР ЖҚЗ ҒЖ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚР ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚСК
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ