Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

04.07.2018
Ұлттық ғарыш орталығында «Аспан мен жер арасында» деген француз көрмесі ашылды

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Астананың 20 жылдығы құрметіне Тұран даңғылы бойындағы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ  аумағында ақ шатыр – Тулуза француз қаласының көшпелі ғарыш көрмесі орналасқан, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі. 

Астанадағы француз ғарыш павильонының ресми түрде ашылуына ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожин, Қазақстан Республикасындағы Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президенті Ерғазы Нұрғалиев және Тулуза қаласындағы ғарыш қалашығының директорі Жан-Батист Дебуа қатысты.  

Французская выставка «Между небом и землей» открылась в Национальном космическом центре

«Астанамыздың 20 жылдығы қарсаңында бұл аса маңызды және қызық оқиға. 

«Қазақстанның Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің атынан Астана тұрғындары мен қонақтарына арналған қызық және танымдық көрме үшін Тулуза қаласының Ғарыш орталығына, Қазақстандағы Франция елшілігіне, Астана қаласының әкімдігіне, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ және Аirbus Defence and Space компаниясына алғыс айтқым келеді. Францияның оңтүстігінен Астанаға ауқымды көшпелі көрмені әкелуді ұйымдастыру Қазақстан мен Францияның ғарыш қызметі саласындағы тиімді ынтымақтастығының тағы бір дәлелі болды. Бұл павильонның Ұлттық ғарыш орталығында орналасуы кездейсоқ емес», - деп атап өтті ҚР ҚАӨМ  вице-министрі М.Нұрғожин өзінің сөзінде. 

Французская выставка «Между небом и землей» открылась в Национальном космическом центре

Қазақстан Республикасындағы Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ өзінің сөзінде Антуан Сента Экзюпериді еске алды. 

«Франция үшін ғарыш –  арман. Француздар үшін ғарыш өзінің планетасын қорғайтын «Кішкентай ханзадамен» байланысты.  Ал ғарыш ғасыры тап осы Қазақстанның жерінен, атақты Байқоңыр ғарыш айлағынан басталды. Сондықтан, біздің елдеріміздің арасындағы ынтымақтастық үшін ортақ арман, үлкен келісімшарттар мен жобалардан маңызды, біздің достығымыз аса маңызды. Осы көрменің арқасында Қазақстан тұрғындары Франция ғарыш саласында не істей алатыны және біздің мемлекеттеріміз үшін қалай пайдалы болатынын білетініне қуаныштымыз. 

Көрменің Ұлттық ғарыш орталығының (ҰҒО) туған күнінде ашылу фактісін  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президенті Ерғазы Нұрғалиев символды деп атады. «Тап осы жерде 2018 жылы 3 шілдеде, тұра сегіз жыл бұрын ҰҒО бірінші тасы қаланды. Бірінші күннен бастап Қазақстанда ғарыштың дамуына, ғарыштық технологиялардың құрылуына ерекше назар аударатын Қазақстан Президентінің қолдауымен Астанада бүтін ғарыш қаласы құрылуда», - деп атап өтті ұлттық компанияның басшысы. 

Тулуза қаласының ғарыштық қалашығының директоры Жан-Батист Дебуа тұсаукесер қатысушылары үшін мұражай павильоны бойынша экскурсия өткізді. Ол көрме экспонаттарының мысалында қысқа мерзімді және Жеріміз үшін аса құнды  жерсеріктердің біздің планетамыздың зерттеулеріндегі, су ресурстарын басқарудағы рөлі туралы айтып берді. 

«Аспан мен жер арасында» деген көрме «Кометалар – планета жүйелерінің негіз салушылары» және «Су: жоғарыдан қарағандағы көрініс» деген екі тақырыптық экспозициядан тұрады.   

«Су: жоғарыдан қарағандағы көрініс» экспозициясы Жер айналасындағы саяхат немесе  жерсеріктерден көрген судың қызықты оқиғасы ретінде ойластырылған. Ондағы орталық орынды проектор атқарымымен үлкен интерактивті глобус алып тұр. Бұл көрме модулі Ғалам масштабында жерсеріктердің техникалық мүмкіншіліктерін жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді. 

Французская выставка «Между небом и землей» открылась в Национальном космическом центре

Көрме судың әрбір күйдегі: мұхит, континенталды су, мұз және атмосфера жағдайы туралы көбірек білуге мүмкіндік беретін 4 тақырыптық кеңістікке бөлінген.   

ESEP озат зерттеулер зертханасы (Планета жанындағы кеңістікті ғарыштық зерттеу) дайындаған «Кометалар – планета жүйелерінің негіз салушылары» экспозициясы Қазақстанда алғашқы рет ұсынылды. Ғарыштық зерттеулер тұрғысынан оның мазмұны өте өзекті, себебі «Розетта» планетааралық стансадан және «Филы» оның қондырмалы құрылғысынан алынған соңғы жаңалықтар туралы ақаратпен таныстырады, бұл осы көрмені бірегей етеді. 

Французская выставка «Между небом и землей» открылась в Национальном космическом центре

Әртүрлі көрме экспонаттары кометалар – бұл Жерге су келуінде маңызды рөл ойнайтын күн жүйесінің құрылуындағы аса маңызды кішкентай бөлшектер. 

Келушілерді «Розетта» ғарыш миссиясына арналған экспозиция ерекше қызықтыруы мүмкін. «Розетта» орбиталық ұшу аппараты мен «Филы» оның қондырмалы құрылғысы бір уақытта жіберілген Чурюмова-Герасименко кометасын қадағалау және зерттеу бағдарламасын Еуропа ғарыш агенттігі әзірлеген. 

Кометаға қонатын және тікелей орналасқан жерде талдау жүргізетін бұл еуропалық планеааралық миссия әлемде алғашқы болды. 2004 жылы старт алған «Розетта» миссиясы 7 миллиард километр өтіп, кометаға 10 жылда жетті, ол оларды зерттеумен және шифрын ашумен айналысатын ғалымдарға бірегей бақылаулар мен деректер ұсынады. 

Көрмеде «Розеттаның» макеті (¼ масштабта) және Чурюмова – Герасименко кометасының учаскесі бетінің дәл суреті берілген. 

Көрмеде аспан объектілерін жақсырақ түсінуге, сондай-ақ күн жүйесінің құрылуында ойнайтын маңызды рөлін білуге көмектесетін бірегей макеттер, интерактивті стендтер мен панельдер, ақпараттық паннолар мен басқа да экспонатар ұсынылған. 

Көрме кеңістігіндегі орталық орынды «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ұсынған бірегей  инсталляция алып тұр. 

Ашық аспан астындағы мұражайымен әлемге әйгілі Тулуза француз қаласының таңғаларлық көрмесі бүгін, 2018 жылғы 4 шілдеден бастап таңертеңгі  сағат 10-нан кешкі сағат 22-00 ге дейін астаналықтар мен астананың барлық қонақтарын күтеді. Ғарыш көрмесі Тұран даңғылы, 89,  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ аумағында өтеді және  2018 жылдың 23 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Французская выставка «Между небом и землей» открылась в Национальном космическом центре

Французская выставка «Между небом и землей» открылась в Национальном космическом центре

Французская выставка «Между небом и землей» открылась в Национальном космическом центре


Жобалар
ҚР ЖҚЗ ҒЖ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚР ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚСК
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ