Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

24.07.2018
Мемлекеттік қызметші күніне және Астананың 20 жылдығына арналған спартакиада

А.ж. 21-22 шілдеде «Алау»  спорт кешенінде ҚР ҚАӨМ және ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметкерлерінің арасында Мемлекеттік қызметші күніне және Астананың 20 жылдығына арналған спартакиада спорттың мынадай түрлері: 

         1) мини футбол;
         2) волейбол;
         3) үстел теннисі;
         4) шахмат бойынша өтті. 

Спартакиаданың салтанатты ашылуында Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі  вице-министрі А. Ержанов құттықтау сөз сөйледі.          

Жеңімпаздар мен қатысушы-командалар ҚР ҚАӨМ грамоталарымен, медальдарымен және кубоктарымен марапатталды. Командалардың белсенді жанкүйерлері үшін жүлделер ойналды.   

Іс-шараға балсенді қатысу нәтижесінде  "Қазақстан Ғарыш Сапары"  ҰК» АҚ қызметкерлерінің командасы үстел теннисінен – 1-орын, мини-футболдан 1-орын, шахматтан – 4 орын және волейболдан 5-орын алды. 

Мини-футболда ең жақсы шабуылдаушы деп біздің компанияның қызметкері  Абылайхан Мұрат, үстел тениссінде еркектер арасында ең жақсы ойыншы деп  Андрей Сурков танылды.   

Біздің команда Спартакиадада жалпы командалық 1-орынға иеленді. 

Өз командасын қолдау үшін "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК» АҚ жанкүйерлер командасы көркем плакаттар мен ұрандарды сапалы дайындап әкелген, соның нәтижесінде «Өзар жанкүйер» жүлдесін алды. 

IMG_5014.JPG

IMG_5130.JPG

IMG_5211.JPG

IMG_5282.JPG

IMG_5020.JPG

IMG_5290.JPG




Жобалар
ҚР ЖҚЗ ҒЖ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚР ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚСК
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ