Жаналықтар — gharysh.kz
Главная Новости

Жаналықтар

11.09.2018
Қазақстан ғарышкерлері Минск қаласындағы халықаралық конгресске қатысты

Казахстанские космонавты принимают участие в международном конгрессе в Минске


АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТҚазақстан ғарышкерлері 2018 жылғы 9-15 қыркүйек аралығында Минскте өтетін Ғарышқа ұшуға қатысушылар қауымдастығының (ҒҰҚҚ) 31-ші халықаралық конгресінің жұмысына қатысады, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі. 

Ғарыштық конгреске Қазақстанның атынан Тоқтар Әубәкіров пен Айдын Аимбетов өкілдік етеді, Талғат Мұсабаев жұмысбастылығынан Минскке бара алмады. Ғарышкерлердің дәстүрлі форумына Беларусияның астанасына 17 елден небәрі 80 ғарышкер келді, деп атап өтті конгресс ұйымдастырушылары. 

Форум жұмысының бірінші күні Минскте Беларусияда туған үш ғарышкер -  Петр Климукқа, Владимир Коваленкоға, Олег Новицкийге арналған естелік белгіні ашу салтанаты өтті. 

Ғарышқа ұшуға қатысушылар қауымдастығының 31-ші халықаралық конгресінің ашылуындасөз сөйлеген Беларусь Президенті Александр Лукашенко «белорус ғарышкерлері біздің халқымыздың бейнесі»,-деп атап өткенін Беларусь Ұлттық ғылым академиясы хабарлайды. 

Казахстанские космонавты принимают участие в международном конгрессе в Минске

«Біз болашақ ғарышты құрамыз» деген Конгрестің негізгі тақырыбы әлемдегі ғарыштық зерттеулерді талқылауға арналды. Конгрестің үлкен бағдарламасы техникалық, бизнес сесияларды, пікірлермен нақты алмасуды, белорус мектептеріне, университеттеріне, Ұлттық ғылым академиясының институттарына  барып шығуды қамтиды. Форумның соңында конгресс қатысушылары Ботаникалық бақта Ғарышкерлер аллеясының негізін қалайды. Әрбір ғарышкер ұшар басы зымыран түріндегі арша отырғызады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, қонақтар үшін Беларусьтің белгілі жерлеріне экскурсиялар мен мәдени бағдарлама ұйымдастырылады. 

Қазақстан ғарышкері, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ вице-президенті Айдын Аимбетов «Қазақпарат» ХАА тілшісіне ғарыштық конгресс шеңберінде әртүрлі елдерден келген әріптестермен, сондай-ақ елде ғарыш қызметін  дамыту бойынша негізгі жұмыс жүргізетін Беларусь Ұлттық ғылым академиясының өкілдерімен ынтымақтастық жөнінде бірқатар іскерлік кезедесулер өткізетінін хабарлады. 

Ғарышқа ұшуға қатысушылар қауымдастығы – көптеген елдердің ғарышкерлерін біріктіретін халықаралық коммерциялық емес ұйым,  1985 жылы ұшқышпен ұшатын ғарыштық ұшулар саласындағы тәжірибемен алмасу үшін құрылды. ҒҰҚҚ халықаралық конгресі жыл сайын ғарышкерлерді, сондай-ақ,  ғылыми-зерттеу мекемелерінің және ұлттық ғарыш агенттіктердің өкілдерін  жинайды.

Казахстанские космонавты принимают участие в международном конгрессе в Минске

Казахстанские космонавты принимают участие в международном конгрессе в Минске


Жобалар
ҚР ЖҚЗ ҒЖ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚР ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚСК
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ