Жаналықтар — gharysh.kz
Главная Новости

Жаналықтар

20.09.2018
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Тілдер мерекесі тойланды

Қазақстан халықтарының жаппай қолданысындағы тілдердің мәртебесін анықтаған "Тіл туралы" заң 1989 жылдың 22-ші қыркүйегінде қабылданған. Оған сәйкес қазақ тіліне – мемлекеттік тіл мәртебесі беріліп, орыс тілі – ресми тіл деп бекітілді.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ұжымы Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күнін атап өтті. Мерекеге орай компания қызметкерлерінің қатысуымен «Үш тұғырлы тіл» атты салтанатты концерттік шара ұйымдастырылды. Ғарыш саласының мамандары сахнаға шығып, отан сүю, халықтар достығы, туған тілге деген махаббат үлгісін ән, күй, өлеңмен паш етті. Көп ұлтты мемлекеттің ұлыстар мен олардың тілдеріне деген ерекше құрметінің символы ретінде концерттік шара қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қатар жүргізілді.

1.jpg

 

Мерекелік кеш Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды.

2.jpg

Салтанатты кешті ашқан «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Ғарыштық жүйелер мен технологиялар Вице-президенті, Халық қаһарманы Айдын Ақанұлы Айымбетов: «Тіл – кез-келген мелекеттің тәуелсіздігінің ең басты белгісі» деді. «Тіл - халықтың сан ғасырлық тарихы. Бүгінде қазақ жерінде 100-ден астам ұлт өкілдері өмір сүріп келеді. Және олардың әрқайсысының ана тілі мен ата дәстүрі бар.  Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Қазақстанның әрбір азаматын Тілдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! – делінді құттықтау сөзде.

3.jpg

Компаниямыздың қызметкері Нүрия Аллабердина ана тілі - башқұрт тіліне өлең арнады.

4.jpg

Нәйлә Танаттың орындауындағы италиян әні көпшіліктің көңілін көтерді.

5.jpg

Халықаралық бөлім қызметкері Ригина Сысоева көпшілікті испан тілінің әсемдігімен тәнті етті. Сондай-ақ бүгінгі кеште Ригина әріптестерінің алдында жаңа, ақындық қырынан танылды.

6.jpg

Нұрсұлтан Дүйсенбай «Туған жер» деп ән шырқап, Манар Касеинов көпшілікті күмбірлеген күйге қанық етті. Сондай-ақ қазақ тілінің құдіреті өлең сөзбен әспеттелді.

7.jpg

9.jpgАл 5 жасар өнерпаз Ибрагим Зкрияновтың әні салтанатты кештің тұздығы болды.

8.jpg

Тамаша өнері үшін әншіге «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ атынан сыйлық берілді.

 «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ миссиясының бірі - Компания қызметінің барлық салаларында мемлекеттік тілді қолдану. Аталмыш мерекені Компания дәстүрлі түрде тойлап келеді.


Жобалар
ҚР ЖҚЗ ҒЖ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚР ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚСК
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ