Главная Новости

Новости

25.05.2015
Инвесторларды шақыру туралы хабарландыру

        «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) Астана қаласындағы (Тұран даңғылы, №89) Ұлттық ғарыш орталығының екінші кезектегі нысандарының әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы және қызмет көрсету саласындағы басқа коммерциялық нысандар: сауда-ойынсауық, мейманханалық және спорттық-сауықтыру кешендер құрылысына қатысу үшін инвесторларды шақырады.
      Осы нысандардың құрылысы сыртқы инженерлік жүйелері мен коммуникациялары жүргізілген (жылумен қамтамасыз ету - дербес) сатып алынған жеке-меншіктегі 30 га жалпы алаңының жер телімінде, 15 га аумақ алаңының шамасында жүзеге асу керек.
         Ұлттық ғарыш орталығы халықаралық Әуежайдан бастап «ЕХРО-2017» салынып жатқан көрме орталығы және елорданың жаңа әкімшілік орталығы арқылы Тұран даңғылы бойынша ескі қала орталығына баратын магистралдық трассаның жармасында орналасқан. Жаңа нысандар көршілес орналасқан: Қазақстан Республикасының Бірінші президенті – Ұлт көшбасшысы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті, Казатомпромның фотоэлектрлік модульдерді өндіру зауыты, Nazarbayev University жоғары оқу орны.
      Жұмыстарды бастау үшін техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) әзірлеу, сараптама қорытындысын алу және жаңартылған техникалық-экономикалық көрсеткіштермен ТЭН бекіту, сосын жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеу, сараптама жүргізу және Қазақстан Республикасының заңнамасымен  белгіленген тәртіпте ЖСҚ бекіту қажет.
Инфрақұрылымды қамтамасыз ететін нысандар құрамында келесі нысандардың құрылысы жоспарлануда:
1)    Үйлестірілген үймараттары мен паркингі бар тұрғын үй;
2)    Балабақша;
3)    Сауда-ойынсауық кешені;
4)    Қонақ үй;
5)    Спорттық-сауықтыру кешені;
6)    Планитариі бар космонавтика мұражайы.
         Қоғам осы нысандардың бөлінуі/қосылуы, олардың техникалық параметрлерінің өзгеруі, сондай-ақ «ҚҒС» ҰК» АҚ келісумен инвестордың шешімі бойынша қосымша нысандарды салу олардың коммерциялық тартымдылығын ұлғайту мақсатында мүмкін деп санайды.
Бұдан басқа, қаржыландыру/қоса қаржыландыруды қамтамасыз етумен әртүрлі ынтымақтастық түрлерін қарастыру, сондай-ақ өкілеттіктерді, міндеттемелерді, мүліктік жарналарды, шығыстар мен кірістер үлестерін, тәуекелдерді бөлумен консорциумға өзге тұлғалардың қатысуымен болжамдалады.
       Басымды белгілер ретінде біздің компания және ғарыш саласындағы қызметкерлер үшін тұрғын үйді сатып алу қолжетімді (тікелей сату, сатып алумен жалға беру), өтелділік мерзімдері, сондай-ақ жаңа нысандардың  коммерциялық және туристік тартымдылығы болады.
«ҚҒС» ҰК» АҚ мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Тұран даңғылы, 89 ғимарат.
Қоғамның сайты: www.gharysh.kz .
           Байланыс үшін: жұм. тел. 76 99 92 (Күрделі құрылыс басқармасы), 76 99 97 (ҰҒО салу және пайдалану вице-президентінің қабылдау бөлмесі).

Эл.мекенжайлары:   k.shinguzhinov@gharysh.kz,   s.kadyrbekov@gharysh.kz,    m.akhmedov@gharysh.kz .


       


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ