Жаналықтар — gharysh.kz
Главная Новости

Жаналықтар

06.12.2018
2022-2023 жылдары Қазақстан үлкен жерсерікті ұшырады - Бейбіт Атамқұлов

АСТАНА. КАЗАҚПАРАТҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов американдық Калифорния штатынан қазақстандық жерсеріктердің ұшырылуы туралы айтып берді, деп хабарлайды  «Қазақпарат» ХАА тілшісі.

 «Бүгін түнде 0 сағат 32 минутта   американдық Калифорния штатындаFalcon Space X зымыраны сәтті ұшырылды. (...) Қазіргі сәтте біздің жерсеріктер белгелінген орбиталық нүктелерге шықты. Жерсірктер жұмысын бастады, тәулік ішінде біз төрт сигнал алдық. Сигналдар Астана мен Алматыдағы біздің стансаларда анықталды. Бұдан басқа, Ұлыбританиядағы біздің әріптестер және Еуропадағы солтүстік полюс шеңберіндегі станса бір мезгілде жұмыс істеді. Жерсеріктер штаттық режимде жұмыс істейді, деректер телеметриясы берілуде, баптау жүргізілуде. Екі аптадан соң жерсеріктерден деректер аламыз деп ойламын», - деді министр Үкімет залы сыртындағы болған әңгімелерде.

Ол жақында жерсеріктерден алынған түсірілімдер пайда болатынына үміттенетінін айтты.

«Бізде, мысалы, екінші жерсерік 17 метр айыру қабілетімен жерді қашықтықтан зондтау жерсерігі ретінде бағдарланды. Жақында алғашқы түсірілімдерді аламыз. Бір жерсерік – толық біздің «Қазақстан Ғарыш Сапары» мен «Ғалам» бірлескен кәсіпорны қазақстандық инженер-технологтардың зерттемесі  екенін атап өткңім келеді. Екінші жерсерікті біз SSTL компаниясының британдық әріптестерімен бірлесіп әзірледік», - деп атап өтті министр.

Сондай-ақ, Б. Атамқұлов ведомствоның жақын арадағы жоспарларымен бөлісті.

«150-ден астам инженер«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен «Ғалам» ЖШС жүйесінде жұмыс істейді, 34 адам оқыды және әлемдік ғарыш орталықтарында тағылымдамадан өтті. Бүгін біз өз ғалымдарымыз бен инженерлерімізді өсіріп отырмыз. Негізгі базаны «Болашақ» бітірушілері құрайды. Қазір біз жерді қашықтықтан зондтаудың біздің зерттемелерімізді зерттеудеміз, яғни болашақта кейбір құрамдас бөліктер мен технологиялық өнімдерді біздікіне айырбастаймыз. Бірінші кезектебұл ғарышта біздің зерттемелерді пысықтау, себебі бірінші -  наноспутник, екіншібұл орташа жерсерік. Келесі ол үлкен жерсерік болады, біз оны 2022-2023 жылы ұшыруды жоспарлап отырмыз. Біздің зерттемелерді пайдаланамыз. Жұмыс төртінші жыл жалғасуда бұл Қазғарыштың үлкен ұжымы жұмысының нәтижесі», - деп атап өтті ол.

 Бүгін американдық Калифорния штатында  Falcon 9 екі қазақстандық жерсерігі ұшырылғанын еске саламыз.


Жобалар
ҚР ЖҚЗ ҒЖ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚР ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚСК
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ