Жаналықтар — gharysh.kz
Главная Новости

Жаналықтар

29.12.2018
Астананың көпбалалы отбасылары ғарыш сыйлықтарын алды

Космические подарки получили многодетные семьи Астаны

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – «Нұр Отан» партиясының елордалық филиалының және «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ бастамасы бойынша «Mega Silk Way» СОСО ғарыш шағын көрмесінің алаңында Астананың көпбалалы отбасыларының балалары үшін қайырымдылық акциясы өткізілді деп «Қазақпарат» ХАА тілшісі хабарлайды. 

«Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шыңғыс Қожахметов, Астананың Әйелдер республикалық кеңесінің төрағасы Ханзада Балтаева, Астана бойынша Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі департаментінің директоры Жазира Жылқышиева балалармен сәлемдесіп, сөз сөйледі. 

Елімізде ғарыш қызметі қарқынды дамып келе жатқаны және көптеген балалардың армандары орындала алатыны туралы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ вице-президенті Рашит Абдразаков және қазақстандық ғарыштың жылнамашысы Сара Нұрғалиева айтып өтті. 

Мерекеде шығармашылық жетекші Марат Сәрсенбаев бастаған «KinoKio» киноакадемиясының шәкірттері өнерін көрсетті. Театрландырылған көрініс арқылы жас актерлер ғарыш шағын көрменің экспонаттары, Жерді қашықтықтан зондтау қазақстандық жерсеріктердің ел үшін пайдасы туралы айтып берді. 

Космические подарки получили многодетные семьи Астаны

Жас көрермендерге ерекше қуанышты «Байқоңыр» костюмді биімен  «Қазғарыш» №50 мектеп-лицейінің оқушылары сыйлады. Халықаралық конкурстардың лауреаты Дана Мырзаханова қобызбен қазақ күйін орындады. 

«Бұл қайырымдылық акция «Бақытты балалық шақ» партиялық жобасын іске асыру аясында жүргізілуде. «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалының қызметкерлері «Қараөткел», «Инженерлік өткел», «Экономика», «Денсаулық», «Қарлығаш», «Жаңа толқын» БКҰ және ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитетінің қызметкерлері балаларға жаңажылдық сыйлықтар дайындады, сондай-ақ он баланың анасы Дана Тұрсынбаеваға және сегіз баланың анасы Зибагүл Арыстанбекке ақшалай көмек табыстады», - деді «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шыңғыс Қожахметов біздің агенттігімізге берген сұхбатында. 

Астана әкімінің ұсынысымен ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, Қазғарышпен және «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ бірлесіп ұйымдастырылған «Қазақстанның ғарыш жолы» атты бірегей шағын көрме 2018 жылғы 1 желтоқсанда ашылғанын және 2019 жылғы наурыз айына дейін созылатынын еске саламыз. 

Космические подарки получили многодетные семьи Астаны

Космические подарки получили многодетные семьи Астаны

Космические подарки получили многодетные семьи Астаны

Мини-көрмеде ерекше экспонаттар орналастырылған. Бұл ғарышкер Айдын Айымбетовтың скафандры, сондай-ақ үшінші қазақстандық ғарышкер, қазір вице-президент жерге қонған парашютпен «Союз ТМА-16М» кемесінің жерге қонушы капсуласы. 

Сондай-ақ, экспозицияда  ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетов туралы ақпараттық стендтер, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы қазір пайдаланып жүрген KazEOSat-1 және KazEOSat-2 жерді қашықтықтан зондтау жерсеріктерінің макеттері ұсынылған.

Космические подарки получили многодетные семьи Астаны




Жобалар
ҚР ЖҚЗ ҒЖ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚР ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚСК
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ