Жаналықтар — gharysh.kz
Главная Новости

Жаналықтар

12.04.2019
Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні

  Бүгін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ АҚШ-ның Қазақстандағы Елшілігімен бірлесіп Халықаралық авиация және ғарышкерлер күніне арналған салтанатты шара ұйымдастырды.

Аталған шарада ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Нұрғожин Марат Рахмалиұлы құттықтау сөзін айтып, Қазақстаннның ғарыш саласындағы жетістіктерін атап өтті.

Қазақстанның Халық Қаһарманы, ӘАК-нің генерал-майоры, ғарышкер Айымбетов Айдын Ақанұлы шараға қатысушыларды осынау мерекемен құттықтады. «Биылғы жыл барлықтарыңызға тек жақсылық әкелсін, сәттілік әрқаша серіктеріңіз болсын. Барлықтарыңызға зор денсаулық, бақыт пен жақсы көңіл-күй тілеймін. Жақындарымыз әрдайым қасымыздан табылсын. Ғарыш пен ғалам барлығымызды, сүйікті елімізді жамандықтан сақтап жүрсін», - деп сөзін аяқтады ғарышкер.

Шара АҚШ-ның Қазақстандағы Елшілігі Оңтүстік және Орталық Азия бюросы көмекшісінің орынбасары Томас Важданың құттықтау сөзімен жалғасты. Оның айтуынша, екі елдің ғарыш саласындағы ынтымақтастығы авиация мен ғарыш саласында айтарлықтай орын алады. Өйткені, Қазақстанның аталған салада үлкен жетістіктерге жету жолындағы әлеуеті айтарлықтай.

Бүгінгі кеште НАСА-ның өкілдерімен тікелей видеоқоңырау ұйымдастырылып, олар қонақтарды мерекемен құттықтап, Қазақстанға ғарыш саласын игеруде сәттілік тіледі.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Батырқожа Азамат Байқуанышұлының айтуынша, биылғы жылы компания Ғарыш аппараттарын жинау-құрастыру кешенінің құрылысын аяқтайды. Қазіргі уақытта жұмыстар 98,5%-ға дейін атқарылған.

Салтанатты шара шеңберінде ракета модельдерін ұшыру, айда жүретін құрылғыларды жасау, диодты ашық хаттар жасау тақырыптарына арналған шеберлік сағаттары, ордендер мен төсалқалар көрмесі, балалар суреті байқауы, «Алғашқы адам» атты фильмнің көрсетілімі ағылшын тілінде ұйымдастырылды.

Бүгінгі таңда еліміздің активінде «KazSat» ғарышпен байланыс және хабар тарату жүйесі; KazSTSATи KazSTSAT-1 ғылыми-техникалық бағыттағы ғарыш жүйелері; «KazЕОSat» Жерді қашықтан зондтау, жоғары сапалы спутниктік навигация ғарыш жүйелері бар. Аталған жүйелердің көмегімен мамандар осы уақытқа дейін экономикамыздың дамуына үлес қосып, сонымен қатар, еліміздің қауіпсіздігін сақтауға да үлес қосып келеді.

Бүгінгі күн өте ерекше күн, өйткені бұл сала экономикамыздағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Ғарыш саласындағы қызметкерлер атқарып жүрген жұмыстардың арқасында Қазақстан 2030 жылға қарай ғарыш саласындағы толыққанды державаға айналу үшін барлық жұмыстар атқарылуда.

 

Баспасөз қызметі,

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ

+ 7 7172 76 88 89


Жобалар
ҚР ЖҚЗ ҒЖ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚР ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚСК
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат