Жаналықтар — gharysh.kz
Главная Новости

Жаналықтар

30.04.2019
Баспасөз хабарламасы: Алғашқы қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау спутнигіне 5 жыл толды

Осыдан тура 5 жыл бұрын 2014 жылы 30 сәуірде Куру ғарыш айлағынан (Гвиана, Франция) KazEOSat-1 алғашқы қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) спутнигі ғарышқа ұшырылған болатын. ЖҚЗ ғарыш аппараты 3-ші тәулікте ғарыштан Қазақстанның алғашқы тестілік суреттерін жіберді. Ұшырылған сәттен бастап 5 жыл ішінде KazEOSat-1 спутнигі ғарыштан 678 129 сурет түсірді (әлем бойынша суретке түсірілген жалпы аумақ271 251 815 шаршы километрді құрайды). 

KazEOSat-1 суреттерді Қазақстанның мемлекеттік құрылымдары үшін және басқа елдерге сату үшін Жер бетін ғарыштан суретке түсіреді. 

Аталған аппараттың кеңістік рұқсаттамасы – 1 метр 1 пиксельге тең. Спутник франциялық аэроғарыш Airbus Defence and Space концернімен арнайы Қазақстан үшін жасалған болатын. 

Спутник күн-синхронды орбитасы бойымен қозғалады. Бұл дегеніңіз, ғарыш аппараты планетаның бір полюсінен басқа полюсіне қарай қозғалады дегенді білдіреді. KazEOSat-1спутнигінің радиокөру аймағы континентіміздің ауқымды территориясын қамтиды – Таймыр түбегінен Солтүстік Индияға дейін. Жалпы алғанда, аталған аппарат тәулігіне 14 мәрте айналады. 

Ғарыш аппараты радиокөру аймағында үш күндік және үш түндік сеанс жасалады. Бір сеанстың ұзақтығы орташа есеппен 5-10 минутты құрайды. Осы уақыт аралығында спутникке көптеген бағдарламалық қомандалар беріледі, сондай-ақ аппаратпен жиналған ақпарат алынып тасталады. 

KazEOSat-1 Қазақстан Республикасының территориясын суретке түсіруге және «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ-на Жерді қашықтан зондтау қызметтерінің толық спектрін ұсынуға арналған, сонымен қатар мониторинг мақсатында Жердің басқа аймақтарын суретке түсіруге, табиғат апаттарының алдын алу, жер кадастрін жүргізу, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында картографиялау үшін пайладанылады. 

ДЗЗ высокий.JPG

ДЗЗ высокий.JPG

ДЗЗ средний.JPG

ҚР Цифрлық даму,
Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрілігі
Баспасөз қызметі
+ 7 7172 742476



Жобалар
ҚР ЖҚЗ ҒЖ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚР ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚСК
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы
қосымша ақпарат