Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

03.06.2015
Байқоңыр 60 жылдық мерейтойын атап өтті

БАЙҚОҢЫР. ҚАЗАҚПАРАТ «Байқоңыр» ғарыш кешені құрылуының 60 жылдығын тойлау мерекелік от шашудің 60 дүркін атуымен аяқталды. Өзінің тарихында Байқоңырдың түнгі аспаны осындай салтанатты оттармен әшекейленгені сірә алғашқы рет. Ғарыш айлағының бүгінгі мерейтойы ерекше, сағыныш рухымен ғана емес, сүйікті Байқоңырды кезекті рет қорғау және қолдау батылдығына толы болды. Қала мен ғарышайлағына мазут жетіспеген жайсыз қыс, ресей рублімен болған жағдай, Байқоңырдан бірқатар сәтсіз ұшырулар – осының барлығы болашаққа алаңдаушылық туғызып, адамдардың көңіл-күйіне көлеңке түсірді. «Сондықтан біз үшін бүкіл әлемнен келген достарымыздың, байқоңырлықтардың қолдауы өте қымбат», - дейді қала әкімшілігінің басшысы Анатолий Петренко.

Мерекеге Мәскеуден арнайы рейспен ғарышайлағының екі жүзден астам ардагері – алғашқы құрылысшылар, ғарыш техникасының инженерлері мен конструкторлары, ғарышайлағының әскери сынаушылары,   әскери бастықтар, ғарышкерлер ұшып келді. «Бұрынғы Кеңес Одағының 46 аймағында Байқоңыр ардагерлерінің кеңестерін құрған 52 мың адамның құттықтауын қабыл алыңыздар», - деді мерейтой салтанатына қатысушыларға Мәскеу ардагерлер кеңесінің төрағасы, бұрын РФ әскери-ғарыш күштерінің қолбасшысы болған генерал-лейтенант Владимир Иванов. Байқоңырдың құрметті қонақтарының арасында кеңес зымыран-ғарыш  техникасының негізін қалаушы Сергей Павлович Королевтің қызы - әкесінің ұлы істерінің шежірешісі Наталья Сергеевна да болды. Өз таңдауын қазақ даласына тоқтатқан Королев: «Тап осы жерде үлкен құрылыс, болашақ ғарышайлағы болады»,- дегенін еске алады ол. Қабырғалары едәуір кеңейтілген және қазіргі заманға сай түрде, жаңартылған ғарышнама мұражайы барлық қонақтарға қатты әсер етті. Мұрағат қызметкерлерінің ұқыпты жинаған мыңдаған жаңа экспонаттарын, бірегей ғарышайлағын құрған адамдардың еңбегіне бөлінген көңіл мен көрсетілген құрметті көрген ардагерлердің көзіне еріксіз жас келді. «Бұрын бұл біздің әскери бөлімнің жауынгерлік даңқ залы болған, осыдан Байқоңыр шежіресінің бұлағы бастау алды», -  дейді ғарышайлағының ардагері, 25741 әскери бөлімінің бұрынғы бастығы полковник Юрий Лукьянов. «Осы жерде біз әлемдегі ең алғашқы ғарышайлағының ұлы құрылыс ісінің маңыздылығы мен қатыстылығына тағы да көз жеткізе отырып,  рухымыз жаңарғандай болды». Мерекеге орай марапатталғандардың арасында Байқоңыр ғарышайлағы мұражайының директоры болуы кездейсоқ емес. «Байқоңырдың он жылдығы» қалалық стадионда  өткен бас мерекелік салтанатта, мыңдаған   байқоңырлықтардың ду қол шапалақтауымен Антонина Богдановаға ресейлік Дружба ордені тапсырылды. Байқоңырда бұл мерекені қала тұрғындарымен, Байқоңыр жұмысшыларымен, сынаушы-инженерлерімен, Қазақстан мен Ресейдің зымырын-ғарыш саласының жетекші кәсіпорындарының қызметкерлерімен бірге Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары Бақытжан Сағынтаев, РФ Үкіметі Төрағасының Орынбасары Дмитрий Рогозин, Қазғарыш пен Роскосмостың басшылары Талғат Мұсабаев пен Игорь Комаров атап өтті. 2015 жылы 2 маусымда Қазақстан мен Ресей басшыларының өкілдері қаза болған зымыран-ғарыш техникасы сынаушылардың мемориалына гүл шоқтарын қойды, «Байқоңыр қаласының құрметті азаматы» атағын беру рәсіміне қатысты және аңызға айналған Байқоңыр ғарышайлағының тууына себепкер болған, халықтар достығын мадақтайтын театрландырылған музыкалық композицияны көрді.  «Байқоңыр бүгін – Қазақстан мен Ресей достығының қуатты торабы, біздің елдеріміздің мамандарының  кәсібилігінің арқасында өмір сүріп және жұмыс істеп жатқан  және бәрінен бұрын халықаралық ұшқыш басқаратын бағдарламалар үшін әлі ұзақ пайдаланылатын ғарышайлағы», - деп атап өтті өзінің құттықтау сөзінде  РФ Үкіметі Төрағасының Орынбасары Дмитрий Рогозин. «Байқоңыр ғарышайлағының тарихи және ғылыми-техникалық маңыздылығын түсіне отырып, Қазақстан мен Ресей оны сақтап қала алды және оны одан әрі дамыту үшін жұмысты жалғастыруда. Біздің мемлекеттеріміз ғарыш кешені әлемдік ғарышнаманы дамытуда алдыңғы қатарда болу үшін, Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың жарқын куәлігі болу үшін бар күшін салуда», - деді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары Бақытжан Сағынтаев. Байқоңырға осы сапар барысында ҚР мен РФ үкіметтік делегациялары ғарышайлағында одан арғы бірлескен жұмыс жөнінде келіссөз жүргізді. Күн тәртібінде тұрған басты мәселе – бұл Байқоңыр ғарышайлағында «Бәйтерек» бірлескен ғарыш кешенін құру. Тараптар екі ел үшін осы жобаның маңыздылығын растады және «Ангара» зымыран-тасығышын пайдаланумен Байқоңырда жаңа зымыран кешені 2021 жылға қарай салынатынын белгіледі. Байқоңырда маусымның алғашқы екі күні ыстық болды – ауа температурасы шамамен қырық градусқа жетті және  көңілді кездесулер мен Байқоңырға одан әрі даму және көп жасау туралы шын жүректен шыққан тілектерден қала жылына түсті. Балалық шағы мен жастық шағы Ленинск қаласында, қазіргі Байқоңырда өткен ғарышкер Олег Артемьевке «Байқоңыр қаласының құрметті азаматы» жоғары атағы берілді. Әкімшілік басшысына қымбат сыйлықты – қаланың ғарышта болған туын тапсыра отырып, ғарышкер өзінің жерлестеріне амандық-саулық және өзінің кішкентай отаны – бірегей қала-ғарышайлағы Байқоңырға өркендеу тіледі. «Байқоңырлықтар бірлігінің ерекше рұхы болса, ортақ міндеттер түсінігі болса, іске деген қарым-қатынас болса Байқоңыр өмір сүреді», - деді тұрғындар мен қонақтарға ғарышайлағының бұрынғы бастығы, қазір де Байқоңырға қызмет ететін  генерал Леонид Баранов.

Бүгін Байқоңыр ардагерлері Байқоңырдың 60 жылдығының мерейтойлық медальдарын, өз жастық шағының қаласымен, қоштасу мен үміт қаласымен кездесуден жарқын сезімді өздерімен бірге алып кетуде. Кеше ұмытылмас мерекелік демалыс болған ғарыш кешенінің қызметкерлері күнделікті жұмысына кірісті – стартқа кезекті ғарыш кемесі дайындалуда.

2


3

4

Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ