Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

12.06.2015
КazEOSat-1 ЖҚЗ жерсерігі Қазақстанның меншігі атанды

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – 2015 жылғы Тулуза француз қаласында КazEOSat-1 Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) ғарыш аппаратын штаттық пайдалануға соңғы қабылдау өтті.

Айыру қабілеті жоғары ЖҚЗ ғарыш жүйесінің меншік құқығын әзірлеуші - Airdus Defence and Space француз компаниясынан тапсырыс беруші – қазақстандық «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ табыстау сертификатына Жерар Гаррин және Бағлан Қазиев қол қойды.

«Бұл сертификат меншік құқығының ауысуын ғана растап қоймай, сондай-ақ айыру қабілеті жоғары ЖҚЗ ғарыш жүйесі тәуекелдерінің ауысуын растайды, - деді «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің м.а. Марат Нұрғожин. – Штаттық пайдалануға қабылдау соңғы актісіне қол қойылған күннен бастап ҚР ЖҚЗ ғарыш жүйесінің жерсерігін және жерүсті инфрақұрылымын сақтандыру шарты күшіне енеді», - деді ол.

КazEOSat-1 қазақстандық жерсерігі Француздық Гвианадағы Куру ғарышайлағынан 2014 жылғы 30 сәуірде «Вега» еуропалық зымыран-тасығышымен ұшырылды. Кеңістіктік айыру қабілеті жоғары панхроматиялық режімде 1 метр және мультиспектральді режімде 4 метр ғарыш аппараты жақын және алыс инфрақызыл диапазонда мультиспектральды каналдарға ие. Қамту сызықтарының ені 20 км, аппараттың ұшу сызықтарының екі жағы бойынша бұрыштық түсірілім мүмкіндігі бар. Меншік құқығын алып, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ өз активтерін ұлғайтады және КazEOSat-1 коммерциялық пайдалануға кіріседі.

Өзінің ЖҚЗ ғарыш жүйесінің пайда болуымен Қазақстан Республикасы ғарыштық мониторингі және жорамалдау саласындағы жетекші тәжірибені қолдану мүмкіндігін алады. Бұл төтенше жағдайлардың алдын алу, мониторинг және зардаптарын бағалау, пайдалы қазбалар мен энергия тасығыштарын іздеу және қазу, мүлікті және инфрақұрылым жағдайын бақылау, экологиялық мониторинг, картаға түсіру, жерлерді есепке алу, жоспарлау және бақылау секілді міндеттердің шешімі, ауыл шаруашылығы, ел қауіпсіздігі міндеттерінің шешімі.

ASTANA_20140502_PS_palace.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ