Главная Новости

Новости

17.06.2015
Қазғарыш делегациясы Ле Буржедегі авиағарыш салонында бірқатар келіссөздер өткізді

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаевтың басшылығымен Қазғарыш делегациясы Парижде жұмыс сапарымен және Ле Буржедегі Paris Air Show 2015 авиациялық-ғарыш салонының жұмысына қатысуда. Авиациялық және ғарыш техникасының әлемге әйгілі көрмесі Ле Буржеде Париж маңында 51 рет өтуде және осы жылы әлемнің 44 елінен 2 мыңнан астам экспонат жинады.

Қазғарыш делегациясы «Космотрас» халықаралық ғарыш корпорациясының басшылығымен келіссөз жүргізді және Қазақстан қатысушысы болып табылатын «Днепр» бағдарламасының келешегін талқылады. Роскосмос өкілдерімен кездесу барысында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін Байқоңыр ғарышайлағында құру және Байқоңырда Қазақстан мен Ресейдің бұдан арғы ынтымақтастығы жөнінде соңғы шешімдер бойынша пікір алмасу орын алды. CNES Францияның ғарыштық зерттеулер ұлттық орталығы басшылығының шақыруы бойынша Қазғарыш басшысы Талғат Мұсабаев Paris Air Show 2015 келген ғарыш агенттіктері басшыларының кездесуіне қатысты. CNES штаб-пәтерінде ғарыш ұйымдарының басшылары Жер климатының ғарыштық мониторингі бойынша күштерді біріктіру жөніндегі бірлескен өтінішін талқылады. Ғарыш агенттіктері басшыларының осы декларациясы Мехикода 2015 жылдың қыркүйегінде өтетін Халықаралық астронавтика академиясының отырысында қабылданады деп күтілуде. Аса маңызды келіссөздерді құрамында ҚР ИДМ АҒК төрағасы Талғат Мұсабаев, оның орынбасары Еркін Шаймағамбетов, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің міндетін атқарушы Марат Нұрғожин, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ президенті Жұмабек Жантаев бар Қазғарыш делегациясы Қазғарыштың стратегиялық әріптесі - Airbus Defense & Space француз компаниясының павильондарында өткізді. Мәлім болғандай, бірнеше күн бұрын Қазақстан Airbus Defense & Space әзірлеген KazEOSat-1 ЖҚЗ бірінші қазақстандық жерсерігін өз меншігіне алды, жақын арада KazEOSat-2 екінші жерсерігін қабылдау күтілуде.

Paris Air Show 2015 шеңберінде Қазғарыш делегациясы Украинаның Мемлекеттік ғарыш агенттігінің басшылығымен кездесті және М.Ф. Решетнев атындағы «Информационные спутниковые системы» АҚ ресейлік компаниясының жұмыс нәтижелерімен танысты.

IMG_0322.JPG

IMG_0259.JPG

IMG_0377.JPG

754343722425654.jpg

7390086.jpg

710x400_1434355774_le-burzhe_aviasalon_parizh.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ