Главная Новости

Новости

21.05.2015
Қазақстан Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін коммерциялық пайдалануына кірісті

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Мемлекет Басшысы ратификациялаған Француз Республикасымен Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру және пайдалану шарттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Заңы оны коммерциялық пайдалануға кірісуге құқық береді, деп хабарлады Қазғарышта «Қазақпарат» агенттігіне.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков келісімге өзгерістер неден тұратынын түсіндірді. Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін (ЖҚЗ ҒЖ) және ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін (ҒА ҚСК) құру және пайдалану шарттары туралы үкіметаралық келісімге 2009 жылы 6 қазанда Астанада қол қойылды және ол 2009 жылы ратификацияланды.

Жоғарыда аталған жобалар бойынша келісімдер жасасу кезінде жұмыстар мен қызметтердің салық салынатын айналымынан ҚҚС төлеуге қаражат көзделмеген. Республикалық бюджеттік комиссия мәселені қарап, 2014 жылы 30 маусымда ҚҚС төлеуден босату туралы оң шешім қабылдады.

Бұл Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға 2014 жылы 5 желтоқсанда Қазақстанға Француз Республикасының Президенті Ф. Олландтың мемлекеттік сапары барысында қол қойылды.

«Хаттаманың мақсаты Астанада ЖҚЗ ҒЖ және ҚСК құру жобаларын іске асыру шеңберінде француз тарапы орындайтын жұмыстар мен қызметтердің салық салынатын айналымын ҚҚС төлеуден босату болып табылады.

Бұл мемлекет іске асырып отырған инновациялық жобалардың құнын төмендетуге және тиісінше мемлекеттік бюджетке ағымдағы жүктемені азайтуға, жобалар өтемділігінің мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті М. Молдабеков.

Бүгінгі таңда орбитада 2014 жылы ұшырылған «KazEOSat-1» (жоғары) және «KazEOSat-2» (орта) кеңістікті айыру қабілетімен екі қазақстандық ЖҚЗ жұмыс істеуде, Астанада ғарыш аппараттарын жерүсті басқару кешені табысты қызмет істеуде. «Енді, жұмыстар мен қызметтердің салық салынатын айналымын ҚҚС төлеуден босату мәселесі шешілумен қазақстандық тарап жерсеріктерді қабылдайды және Қазғарыш ЖҚЗ ғарыш жүйесін коммерциялық пайдалануға кіріседі», - деп атап өтті М. Молдабеков.

Қазіргі уақытта «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мамандары Ұлттық ғарыш орталығында ЖҚЗ ҒЖ толық сүйемелдеуін жүргізуде. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің м.а. Марат Нұрғожин айтқандай, бүгінгі таңда Қазақстанның және әлемнің барлық ірі қалалары аумағының ғарыш түсірілімі жүргізілді.

«KazEOSat-1» және «KazEOSat-2» алынған ғарыш түсірімдерін тарату жөнінде шетелдік компаниялармен 10 келісімге қол қойылды, бұл жерсеріктердің және олар жүргізген ғарыштық түсірімдердің жоғары сапасын білдіреді. Сонымен қатар, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен, олардың мүддесінде ғарыштық мониторинг жүргізу жұмыстары жүргізілуде. Қазақстандық тарап «KazEOSat-1» ЖҚЗ бірінші жерсерігін ресми қабылдауды 2015 жылдың екінші тоқсанына белгілеп отыр.

ЖҚЗ жерсеріктері экономиканың мынадай: ауылшаруашылық, төтенше жағдайлардың алдын алу, экология, жер қойнауын пайдалану, геодезия мен картография, жер кадастры, қорғаныс пен ұлттық қауіпсіздік және т.б. салаларында шұғыл мониторингтік ақпарат пен ЖҚЗ деректерін алуда Қазақстанның тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ