Главная Новости

Новости

21.05.2015
KazEOSat-1 ЖҚЗ қазақстандық жерсерігі стихиялық апаттарды анықтады

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – 10 мамырда Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) қазақстандық жерсерігі KazEOSat-1 жерсерігі Чилиде Кальбуко вулканының ғарыш түсірілімін жасады.

Қазіргі уақытта Кальбуко чилилік Андтың оңтүстігіндегі белсенді вулкандардың бірі болып саналады, соңғы атқылау 2015 жылғы 30 сәуірде орын алды.

Чилидің геология және тау ісі ұлттық қызметінің деректері бойынша вулкан ауданына қызыл – қауіптің жоғары деңгейі енгізілген.

Вулкан жанындағы 20-километрлік аумақтан тұрғындарды көшіру жүргізілді. Сарапшылардың пікірі бойынша, Кальбуконың сейсмикалық белсенділігі бірнеше апта бойы созылуы мүмкін.

Вулкан атқылау ауданында халықаралық авиакомпаниялардың көптеген рейстері тоқтатылды.

«Ғарыш түсірілімдері апат аудандарына мониторинг жасау мүмкіндігін бере отырып, вулкандық атқылау барысында маңызды рөлді атқарады», - деді «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ЖҚЗ орталығының директоры Айдар Қуатбаев.

13 мамырда KazEOSat-1 жерсерігі Бурятияда (Ресей) орман өрттерінің түсірілімін жасады. Республикада орманның үш мың гектардан астамы жануда. Тек тәулік ішінде өрт алаңы екі есеге өсті. Республикада өртпен жарты мыңнан астам адам және техниканың жүзден астам бірлігі күресуде. Өңірде ТЖ режімі әрекет етуде.

«Көктемнен бастап күзге дейін өрттер Қазақстанның солтүстігіндегі және Ресейдің үлкен бөлігіндегі елдімекендерге үнемі қауіп төндіруде. KazEOSat-1 және KazEOSat-2 жерсеріктерінің негізінде геоақпараттық жүйе өрт сөндірушілерге өрттердің алдын алу жөніндегі тиімді жұмысты жүргізуге, өрт барысында фронтқа дейінгі арақашықтықты анықтауға, сондай-ақ тұрғындарды көшіру стратегиясын іске асыруға мүмкіндік береді», - деді А. Қуатбаев.   

Calbuko .jpg

Buryatia.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ