Главная Новости

Новости

25.05.2015
Инвесторларды шақыру туралы хабарландыру

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) Астана қаласындағы (Тұран даңғылы, №89) Ұлттық ғарыш орталығының екінші кезектегі нысандарын – әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы нысандарды және қызмет көрсету саласындағы өзге коммерциялық нысандарды: сауда-ойын-сауық, қонақүй және спорт-сауықтыру кешендерін салуға қатысуға шақырады.

Осы нысандардың құрылысы жүргізілген сыртқы инженерлік желілер мен коммуникациялары (жылумен жабдықтау - автономдық) бар, жеке меншікке сатып алынған жалпы алаңы 30 га жер телімінде шамамен 15 га алаң аумағында жүзеге асырылуы тиіс.

Ұлттық ғарыш орталығы магистральды трасса бойында орналасқан: халықаралық Әуежайдан салынып жатқан «EXPO-2017» көрме орталығы және Тұран даңғылы бойынша қаланың ескі орталығына елорданың жаңа әкімшілік орталығы арқылы. Көршілес жаңа нысандар орналасқан: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті, Фотоэлектрлік модульдерді өндіру жөніндегі Қазатомпромның зауыты, Nazarbayev University жоғары оқу орны.

Жұмыстарды бастау үшін техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) әзірлеу, сараптама қорытындысын алу және жаңартылған техникалық-экономикалық көрсеткіштермен ТЭН бекіту, сосын жобалау-сметалық құжаттаманы (СМҚ) әзірлеу, сараптама жүргізу және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ЖСҚ бекіту қажет.

Инфрақұрылымды қамтамасыз ету нысандарының құрамында мына нысандардың құрылысы көзделеді: 1) Қоса салынған үймараттары мен паркингі бар тұрғын кешені; 2) Бала бақша; 3) Сауда-ойын-сауық кешені; 4) Қонақүй; 5) Спорт-сауықтыру кешені; 6) Планетариі бар космонавтика мұражайы.

Қоғам осы нысандарды бөлу/біріктіру, олардың техникалық параметрлерін өзгерту, сондай-ақ олардың коммерциялық тартымдылығын ұлғайту мақсатында «ҚҒС» ҰК» АҚ келісумен инвестордың қарауына қосымша нысандарды салу мүмкін деп санайды.

Бұдан басқа, қаржыландыруды, қоса қаржыландыруды қамтамасыз етумен, сондай-ақ өкілеттіктерді, міндеттемелерді, мүліктік жарналарды, шығыс және кіріс үлестерін, тәуекелдерді бөлумен консорциумға өз тұлғалардың қатысуымен ынтымақтастықтың түрлі нұсқаларын қарастыру көзделіп отыр.

Басымды критерийлері: біздің компанияның және ғарыш саласының қызметкерлері үшін баспана алу қолжетімділігі (тікелей сатылым, сатып алумен жалға алу), өзін өтеу мерзімдері, сондай-ақ жаңа нысандардың коммерциялық және туристік тартылдылығы. «ҚҒС» ҰК» АҚ орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Тұран даңғылы, 89-ғимарат. Қоғам сайты: www.gharysh.kz. Байланыс телефондары: 76 99 92 (Күрделі құрылыс басқармасы), 76 99 97 (ҰҒО салу және пайдалану вице-президентінің қабылдау бөлмесі).

Эл.мекенжайлары: k.shinguzhinov@gharysh.kz,     s.kadyrbekov@gharysh.kz,   m.akhmedov@gharysh.kz

 

Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ