Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

17.03.2015
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ 10-жылдығына: Біздің мақсатымыз – ғарыш технологияларын құру және енгізу

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – 2015 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту бірінші мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде ҚР Үкіметінің қаулысымен «Қазғарыш» ұлттық компаниясы» АҚ құрылғанына 10 жыл толды, 2007 жылдың тамыз айында атауы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ ауысты. 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» (ҚҒС) компаниясының атауы Қазақстан ғарыш сапары деп аударылады, ол Қазақстан мүдделерінде ғарыш технологияларын құру және енгізуді өз мақсаты деп санайды. 

Алғашқы мерейтойлық күнін қандай нәтижелермен қарсы алғаны туралы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ президентінің міндетін атқарушы Марат Нұрғожин біздің агенттігімізге берген сұхбатында айтып берді.   

Марат Рахмалиұлы, өткен жыл компания үшін аса табысты болды. «ҚҒС» тапсырмасы бойынша 2014 жылдың бірінші жартысында Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) екі жерсерігі ұшырылды. Бұл табысқа қалай қол жеткізілді?   

-Қазғарыштың және жекелеп алғанда біздің компаниямыздың бұл нақты табысына шетелдік әріптестермен бес жылдық тұрақты ынтымақтастықтың және тығыз жұмыстың себебі тиді.   

Airbus Defense and Space француз компаниясы құрған «KazEOSat-1» айыру қабілеті жоғары (1 метр) кеңістікті ЖҚЗ бірінші жерсерігі 2014 жылғы 30 сәуірде «Вега» еуропалық зымыран-тасығышымен Француз Гвианасындағы Куру ғарышайлағынан ұшырылды. 

Ұшырылғаннан кейін үшінші күні KazEOSat-1 сапасы өте жақсы ғарыштан алғашқы тестілік түсірілімдерді берді. Жерсеріктің өнімділігі тәулік ішінде 220 мың шаршы км, қамту жолағы 20 км, орбитада қызмет ету мерзімі – 7 жылдан жоғары. 

2014 жылғы 20 маусымда «Ясный» ресейлік ғарышайлағынан «Днепр» ресейлік зымыран-тасығышымен ұшырылған «KazEOSat-2» ЖҚЗ екінші қазақстандық жерсерігінің кеңістікті айыру қабілеті 6,5 метр, қамту жолағы 77 км. KazEOSat-2 ЖҚЗ жерсерігінің өнімділігі – тәулік ішінде 1 млн. шаршы км, орбитада қызмет ету қызметі – 7 жылдан жоғары. 

Орбитада екі аппаратты тестілік сынау аяқталуда, жақын арада екі жерсерікті пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Бұл Астанада орналасқан ғарыш аппараттарын басқару жерүсті кешенімен бірлесіп істелетін болады. ҚР Жерді қашықтықтан зондтау кешенді ғарыш жүйесін қабылдауды қалаймыз. 

«ЖҚЗ», «ЖЖНЖ», «ЖКБ» сөздері біздің отандастарымыздың лексиконына енді кіруде. Адамдарға ғарыш түсірілімдері не үшін керектігі, біздің еліміз үшін жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесі (ЖЖНЖ) қаншалықты маңызды, Ұлттық ғарыш орталығын (ҰҒО) құру не үшін қажет екенін қарапайым сөздермен қалай түсіндіруге болады?   

Менің ойымша, Қазақстанға ғарыш керек пе деген сұраққа көптеген отандастарымыз иә деп жауап береді. Әлемнің күшті мемлекеттерінің қатарына қосылу үшін біз өзіміздің ғарыш саламызды құруымыз қажет. Бұл міндетті Қазғарыш алдына еліміздің Президенті қойды және Талғат Мұсабаев басқарған ғарыш ұйымы оны кезеңмен орындауда. 

Ғарыш саласын құру – бұл бір онжылдықтың ісі емес, дегенмен Қазғарыш 8 жылдық қызметінің ішінде нақты табыстарға қол жеткізді. Мысалы, осы қысқа мерзім ішінде біздің еліміз ғарыш байланысы («Қазсат» сериясының екі жерсерігі және Астана және Алматы жанындағы екі жерүсті басқару кешені) және Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ екі жерсерігі және Астанадағы жерүсті басқару кешені) екі толық ғарыш жүйесінің иегері болды. 

Халықаралық сарапшылардың пікірі бойынша, ғарыш саласының даму қарқындары, оны құрудың заманауи амалдары бойынша Қазақстан тіпті жетекші ғарыш державаларын озып келуде. Бізге ғарыш түсірілімдері не үшін қажет екені туралы айтатын болсақ, мен мынадай қарапайым мысал келтіруші едім. Адамға көз көру үшін қажет, біздің елімізге Жерді зондтау жерсеріктері сол үшін қажет, мамандар оны «Қазақстанның ғарыштағы көзі» деп атайды. Оған қоса, ол көз өткір әрі сұлу!

Марат Рахмалиұлы, компанияның басшысы ретінде дағдарыс жағдайында «өмір сүру» үшін қандай шаралар қабылдаудасыз?   

Компания еліміздің көптеген кәсіпорындары секілді қазір күрделі уақыттарды басынан өткеруде. Бұл жағдайда біз басты міндеттер, дәлірек айтқанда, белгіленген мерзімдерде жобаларды іске асыруға аса назар аударудамыз. Біз бұл үшін не істеудеміз? Компанияның құрылымын қайта өзгерттік, мамандарды тиісті бөлдік. Уақыттың қазіргі талабы – қаражат бойынша өмір сүру, сондықтан бізге профилді емес активтерден бас тартуға, мамандарды айтарлықтай қысқартуға тура келді. Штаттық кестені 24 бірлікке қысқарту туралы, Байқоңыр филиалы, Алматы кеңсесі, 3Д Сарышаған алаңы туралы айтылуда. Менің ойымша, біз лауазымға емес, маманға жалақы төлеуіміз керек. 

Бүгін біздің компаниямыз үшін аса маңызды уақыт– жобаларды іс жүзінде іске асыру уақыты туды. Біз ақша табуды, инвестицияларды тартуды үйренуіміз керек. Қазіргі уақытта компания жобалаушыдан өндірістікке ауысу кезеңінде тұр. Осыған байланысты біз бөлімшелер басшыларының жауапкершілігін арта отырып, функционалдық басқаруды енгізудеміз. Дұрыс бюджеттік саясатпен, даму стратегиясымен бірге біз коммерциялық қызметті нығайтудамыз. Осы жылы Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) қызметтері бойынша, сондай-ақ, жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация (ЖЖНЖ) қызметтері бойынша табыс алуды жоспарлап отырмыз. 

2014 жылы біз жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру (ЖЖНЖ ЖИ) жобасын аяқтадық. Теңіз жергілікті дифференциалды стансасы (ТЖДС), ЖЖНЖ дифференциалдық стансалар (ДС) желісі пайдалануға берілді, Дифференциалдық түзету және мониторинг орталығы (ДТМО) құрылымға қосылды, ЖЖНЖ жерүсті инфрақұрылымын пайдалануға беру үшін техникалық мамандар штаты даярланды. 

ЖҚЗ және ЖЖНЖ қызметтерін ұсыну жөніндегі коммерциялық жұмысты ғарыш түсірілімдерінің негізгі тұтынушылары болатын елдің мемлекеттік органдарының арасында біздің мамандарымыз белсенді жүргізіп жатыр. 

Жұмыс қорытындылары бойынша 2014 жылы біздің компания «Космотрас» халықаралық ғарыш компаниясының (ХҒК) акционері ретінде жақсы табыс алуы мүмкін. Біздің компания «Космотрас» ХҒК ЖАҚ акцияларының 10% иегері екені еске саламын. Осы ынтымақтастықтың нақты нәтижесі 2014 жылдың жазында «Днепр» зымыранымен ЖҚЗ екінші жерсерігін сәтті ұшыру болып табылады. 

Біздің инженерлеріміз қазір ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесін құруда жұмыс атқарып жатыр. Біздің мамандар құрып және қазақстандық инженерлердің өз қолдарымен құралатын ғарыш аппаратын ұшыру 2016 жылдың соңына жоспарланған. 

Қазіргі таңда компания алдына қандай бастапқы міндеттер қойылған?   

Компаниямыз үшін жұмыстың басты девизі ретінде Президенттің Қазақстан халқына жолдауынан келесі сөздерді алдық: «2030 жылға Қазақстан ғарыш қызметтерінің әлемдік нарығында өз орнын кеңейтуі және бір қатар басталған жобаларды толығымен аяқтауы тиіс. Астанадағы ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін, қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін, ғарыш мониторингі және жерүсті инфрақұрылымының ұлттық жүйесін, жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесін айтып отырмын». Бұл ең басты міндет, бұл жерде біздің жобаларымыз туралы айтылуда. 

2015 жылға «ҚҒС» ҰК» АҚ ұжымы жерді қашықтықтан зондтау қызметтерін және жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесін жылжыту, тиімділіктің негізгі көрсеткіштері жүйесінің элементтерін енгізу, коммерциялық шарттардың жоспарлау және іске асыру үрдістерін жақсарту, ұжымдық мәдениеттің деңгейін арттырумен құзірет жүйесінің элементтерін және ынталандырудың тиімді жүйесін енгізу секілді бастапқы міндеттерін белгіледі. 

Наурыз мейрамына қандай тілектер айтасыз?   

Біздің компаниямыздың туған күні Наурыз мейрамының қарсаңында тойланады. Ұжымымыз салынып жатқан Ұлттық ғарыш орталығында орналасқан ЖҚЗ орталығы және ЖЖНЖ орталығының жаңа ғимараттарына толығымен көшті. Сондықтан, компанияның 10-жылдығын және Наурыз-2015 мейрамын қоныстоймен бірге қарсы алудамыз. 

Біздің ұжымымыз қаржылық дағдарысқа қарамастан жақсы нәтижелерге қол жеткізеді және қазақстан ғарыш сапары – атауын аса жоғары нығайтады деп ойлаймын. Баршаңызға ынтымақ, тыныштық және бақыт тілеймін!

IMG_3039_170301.jpg IMG_4942_170302.jpg

IMG_5808_170303.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ