Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

11.03.2015
Қазғарыш ғарыш саласын құру тәжірибесімен БАӘ-мен бөлісуде

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Қазғарыш делегациясы Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің (ИДМ АҒК) төрағасы, ҚР Премьер-Министрінің азаматтық авиация және ғарыш қызметі жөніндегі кеңесшісі Талғат Мұсабаевтың басшылығымен Абу-Дабиде жұмыс сапарымен болуда. 

Қазғарыштың баспасөз қызметінің ақпараты бойынша  кеше құрамында ҚР ИДМ АҒК төрағасы және «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» ҰК» АҚ басшылары бар  қазақстандық делегация Біріккен Араб Әмірліктері Ғарыш агенттігінің төрағасы Халифа Тани ар-Румейсимен кездесті.

Келіссөз барасында екі елдің ғарыш ведомстволарының арасындағы ғылыми ғарыш зерттеулері, Жерді қашықтықтан зондтау, ғаламдық жерсеріктік навигация, ғарыш инфрақұрылымын пайдалану, ғарыш аппараттары мен құрамдауыштарын құру, іске қосу қызметтерін ұсыну және пайдалану сияқты салаларда ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. 

БАӘ Ғарыш агенттігінің төрағасы Халифа ар-Румейси екі тату ел арасындағы өзара ынтымақтастық үшін үлкен әлеуеттің барын атап өтті. «Біз тәуелсіз Қазақстанның қазіргі ғарыш кешендерін құру жетістіктерін жоғары бағалаймыз және ғарыш саласын құрудағы оң тәжірибесін қабылдауға дайынбыз», - деді ол Т.Мұсабаевқа

Халифа ар-Румейси қазақстандық қонақтарға Әмірлікте алғашқы рет құрылып отырған ғарыш ведомствосының қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің дайындалу барысы туралы хабардар етті. 

Өз тарапынан Қазғарыш төрағасы Талғат Мұсабаев араб әріптестерін Қазақстанда ғарыштық байланыс, Жерді қашықтықтан зондтау және навигация жүйелерін құру нәтижелерімен, сондай-ақ қазақстандық ғалымдардың ғарыш техникасы мен технологияларын әзірлеу жөніндегі жұмыстарының қорытындыларымен таныстырды. 

Кездесу аяқталуына қарай тараптар жақын арада екі бейінді ведомствоның арасында ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы жаңа Меморандумға қол қою туралы уәделесті. 

Сондай-ақ, БАӘ сапарының аясында Қазғарыш делегациясы 2015 жылдың 11-12 наурызында Дубай қаласында өтетін XIII Халықаралық астрономия және ғарыш қызметі  конференциясына қатысады деп атап өтеді Қазғарыштың баспасөз қызметі.

Қазақстан мен БАӘ ғарыш саласындағы ынтымақтастығы қарқынды дамуда.

2009 жылы Байқоңыр ғарышайлағынан  «Dubai Sat-1» бірінші ғарыш жерсерігі ұшырылды. 

2011 жылы 14 қарашада Дубайда ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі мен БАӘ Болашақты ғылым және технологиялар институты арасында Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

2014 жылы 4-5 қыркүйекте Астанаға БАӘ Болашақты ғылым және технологиялар институтытың Бас директоры  Юсеф Шайбани жұмыс сапарымен келді, ол да елдеріміздің ғарыш саласындағы ынтымақтастық қажеттілігін атап өтті. 

IMG_2936_1103 01.jpg IMG_2979_1103 02.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ