Главная Новости

Новости

02.04.2015
KazEOSat-1 ЖҚЗ қазақстандық жерсерік деректерін қолдау PHOTOMOD сандық фотограмметриялық жүйеде қамтамасыз етіледі

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - KazEOSat-1 жерсерігі сенсорының дәлдікті моделін қолдау PHOTOMOD фотограмметриялық кешенімен қамтамасыз етіледі деп «Ресурс» компаниясының сайтында хабарланады, ол жеке компьютерлер үшін  PHOTOMOD сандық фотограмметриялық жүйені әлемдік және ресейлік нарықтарда алғаш ұсынғандардың бірі. 

KazEOSat-1 (Kazakhstan Earth Observation Satellite) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша Airbus Defence and Space еуропалық компаниясы құрған айыру қабілеті жоғары Жерді қашықтықтан зондтау бірінші қазақстандық жерсерігі Куру (Француздық Гвиана) ғарышайлағынан 2014 жылғы 30 сәуірде ұшырылды. Жерсерік панхроматиялық режімде 1 метрге дейін және мультиспектрлі режімде 4 метрге дейін айыру қабілетімен түсірілім жасайды. 

PHOTOMOD фотограмметриялық кешен үшін KazEOSat-1 сенсорының дәлдікті моделін қолдау түсірілімдерді бағдарлауды қатаң әдіспен қамтамасыз етеді, соңғы өнімнің барлық түрлерін: жер қабатының сандық модельдері, ортофотожоспарлар, сандық карталар, үшөлшемді объекттерді алумен  сенсордың деректерін толық функционалдық фотограмметриялық өңдеуін мүмкін етеді. 

PHOTOMOD СФЖ KazEOSat-1 қолдау Қазақстан Республикасында ғана емес, сондай-ақ әлемнің басқа елдерінде өндірістік жобаларды іске асыру үшін жерсерік деректерін сәтті пайдалануға ықпалын тигізеді деп хабарланады. 



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ