Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

02.04.2015
Қазақстандық және швед мамандары Жерді қашықтықтан зондтау деректерін қолдану мүмкіндіктерін талқылады

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ (ҚҒС) орталық кеңсесінде Жерді қашықтықтан зондтау қазақстандық ғарыш жүйесінің (ЖҚЗ ҒЖ) мүмкіндіктерін қолдануға арналған халықаралық семинар өтті. 

Қазақстанның орталық мемлекеттік органдарының, жиырма кәсіпорны мен ұйымының өкілдері келген ғарыш форумын «ҚҒС» ҰК» АҚ Hexagon Geospatial швед компаниясымен дәлірек айтқанда оның «ICS Integris Capital Solution» қазақстандық өкілімен бірлесіп ұйымдастырды. 

«ҚҒС» ҰК» АҚ президентінің м.а. Марат Нұрғожин  жақын арада ЖҚЗ ҒЖ пайдалануға берілетінін, жыл ішінде Қазақстанның экономикасы үшін ғарыш түсірілімдерін коммерциялық пайдалану, ЖҚЗ деректерін қолдануға негізделген салалық шешімдерді зерттеу жөніндегі жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. 

«ICS Integris Capital Solution» ЖШС бас директоры Чермен Толпаров өз сөзінде 14 мың қызметкерден тұратын Hexagon Geospatial геокеңістікті деректер мен технологияларды өңдеу және ұсыну бойынша әлемдік көшбасшы екенін айтты. 

Қазақстандық мамандармен болжамды ынтымақтастық туралы айта отырып, ЖҚЗ жерсеріктері «әдемі ойыншық емес, үлкен экономикалық әсер беретін құрал» екенін және онда үлкен міндет болатынын айтып өтті. 

Hexagon Geospatial компаниясының бағдарламалық өнімдерін семинар қатысушыларына Батыс Еуропа және ТМД елдері бойынша өңірлік менеджер Роберт Надь ұсынды. 

Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі және жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесі туралы толық баяндамасымен форумда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ғарыш жүйелерін құру және пайдалану вице-президенті Бағлан Қазиев сөз сөйледі. 

Геокеңістіктік деректерді құруда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мамандарының бесжылдық тәжірибесімен геоақпараттық деректер орталығының директоры Оңғарбек Әліпбеки бөлісті. 

Семинар соңында Erdas Imagine, Imagine Photogrammetry, Erdas Apollo программалық өнімдері бойынша мастер кластарды Hexagon Geospatial компаниясының жобалау инженері Райнер Пичман берді. 

Семинарға қатысушылардың пікірі бойынша Астанада ЖҚЗ мамандарының кездесуі өте тиімді өтті. ҚР ЖҚЗ ҒЖ өнімінің әлеуетті тапсырыс берушілері болып табылатын қазақстандық ұйымдардың өкілдері «ҚҒС» ҰК» АҚ және Hexagon Geospatial арасындағы алдағы ынтымақтастық мысалында ғарыш түсірілімдерінің мүмкіндіктері туралы жаңа ақпарат алды. 

Өзара тиімді ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған ЖҚЗ қазақстандық және швед мамандары өз уағдаластықтарын іс жүзінде жүзеге  асыруға кірісті.

IMG_6773-020415.jpg IMG_6765-020415-2.jpg
IMG_6807-020415-3.jpg IMG_6790-020415-4.jpg
IMG_6800-02042015-5.jpg IMG_6792-02042015-6.jpg
IMG_6782-02042015-7.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ