Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

03.04.2015
Беларусь делегациясы Қазақстанның Ұлттық ғарыш орталығына барды

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - Астанада ғарыш саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Қазақстан-Беларусь жұмыс тобының бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды Қазғарыштың баспасөз қызметі. 

Жұмыс тобының қазақстандық бөлігінің жетекшісі, ҚР ИДМ Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Еркін Шаймағамбетов біздің агенттікке айтқандай, жұмыс тобы 2014 жылы қыркүйекте Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның он бірінші отырысының шешімімен құрылды. 

Қазақстан Республикасындағы Беларусь Республикасының Төтенше және Уәкілетті Елшісі Анатолий Ничкасовтың басшылығымен белорусc делегациясының құрамында Қазғарыштағы келіссөзге  «Геоинформационные системы» УП өндіріс директорының орынбасары И. Страшко, БР ҰҒА физика-техникалық институтының «БАК и технологии» ғылыми-өндірістік орталығының бастығы Ю. Яцына, БР ҰҒА «Объединенный институт проблем информатики» МҒУ зияткерлік ақпараттық жүйелер бөлімінің меңгерушісі А. Белоцерковский қатысты. 

Отырыс барысында ғарыш саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды. 

Белорусс тарапы Қазақстанның ғарыш саласындағы зерттеулеріне және Қазғарыштың ғарыш жүйелерін құру, сондай-ақ жерді зондтау және жоғарыдәлдікті жерсеріктік байланыс өзіне меншікті жүйесін құру жөніндегі қызметіне жоғары баға берді. 

Қонақтар Ұлттық ғарыш орталығына барды, онда оларды Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі жерүсті кешенінің және жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация орталығының жұмысымен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің м.а. Марат Нұрғожин таныстырды.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасымен ғарыш саласындағы ынтымақтастық қалыптасу сатысында. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасы Үкіметінің арасында ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасын қол  қоюға дайындау аяқталды. Келісімге қол қою 2015 жылдың 2-ші жартыжылдығына жоспарланды деп атап өтті Қазғарыштың баспасөз қызметі. 

Жұмыс тобының келесі отырысын Минск қаласында 2015 жылдың 2-тоқсанында өткізу жоспарланып отыр.

IMG_6646-1.jpg IMG_6661-02.jpg
IMG_6698-3.jpg IMG_6708-4.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ