Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

08.04.2015
Космонавтика күні қарсаңында қарағандылық оқушылар Қазақстанның Ұлттық ғарыш орталығында болды

АСТАНА. ҚАЗҒАРЫШ – ғарышқа бірінші адамның ұшу халықаралық күніне арналған «Қарағандыдағы ғарыш күндері» алдағы республикалық конференциясының шеңберінде Қарағандыдан қырық жас кадет Астанаға келді. \

10-11 сәуірде Қарағандыда өтетін ғарыш форумының, сондай-ақ Қазақстанның елордасына бес қарағандылық мектептің кадет сыныптары оқушыларының сапарын ұйымдастырушы «Қарағанды қ. авиация және космонавтика мұражайы» қоғамдық бірлестігінің директоры Мағрифа Кәрібекова болды. 

Балалар Астанадағы Оқушылар сарайында болды, онда ерекше планетарийді көрді және жас ғарышкерлер мектебін басқаратын ҚР ғарышкер-сынақшы Айдын Аимбетовпен кездесті.
Қарағандылық оқушылар Қазғарыштың рұқсатымен Қазақстанның Ұлттық ғарыш орталығында болды. 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы президентінің міндетін атқарушы Марат Нұрғожин елде ғарыш технологияларын құрып жатқан компанияның жұмысы туралы балаларға айтып берді.

«Біз үшін Астанаға жасалған бұл сапар Космонавтика күніне нағыз сыйлық болды. Әлемдік және отандық космонавтиканың тарихын насихаттайтын қоғамдық бірлестігіміз өсіп келе жатқан ұрпаққа аңыз ғарышкер Талғат Мұсабаев басқарған Қазғарыштың нақты бүгінгі табыстарын көрсету қажет деп санадық», - деді М.Кәрібекова.

73721985_14__WF.jpg IMG_6898 (2).jpg
IMG_6895 (2).jpg IMG_6934 (2).jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ