Главная Новости

Новости

13.04.2015
Шағын футбол бойынша Қазғарыш төрағасының кубогын байқоңырлықтар жеңіп алды

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – 12 сәуір күні «Алатау» спорт кешенінде Ғарышқа бірінші адамның ұшу халықаралық күніне арналған Қазғарыш кәсіпорындарының арасында шағын футбол бойынша турнир аяқталды. 

«Бұл спорттық бәсеке сегізінші рет өтіп жатыр, Қазғарыш құрылған сәттен бастап және осы жарыстың маңыздылығы, осы кәсіби мерекенің мағынасы секілді жыл сайын біз үшін өсіп келуде», - деді ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (ИДМ АҒК) төрағасының орынбасары Ерғазы Нұрғалиев. 

Ол футбол турнирінің барлық қатысушыларын құттықтады және осы күндері жұмыс іссапарымен Мәскеуде жүрген Қазғарыш төрағасы, ғарышкер Талғат Мұсабаевтың атынан жеңіске жету тілектерін айтты. 

Шағын футбол бойынша турнир қатысушыларына «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің міндетін атқарушы Марат Нұрғожин және «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ президенті Виктор Лефтер сөз сөйледі. 

Екі күнге жалғасқан жарысқа жеті команда қатысты. ҚР ИДМ АҒК, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ, «Ғарыш экология» ғылыми-зерттеу орталығы» РМК (Алматы), «Ғалам» БК, «Инфракос» РМК (Байқоңыр) өз спортшыларын шығарды.

Табан тірескен тартыста Қазғарыш төрағасының кубогын Байқоңыр қаласынан келген «Инфракос» РМК командасы жеңіп алды, олар нәтижесінде екінші орынды иеленген «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ командасын бір ұпайға ұтты. Барлық матчтардың нәтижелері бойынша үшінші орынға «Ғалам» қазақстан-француз кәсіпорнының футболшылары ие болды. 

«Инфракос» (команда капитаны Жамаладин Нұржанов) Қазғарыш кубогын Байқоңырға бірінші рет әкетіп тұрған жоқ, сондай-ақ оның командасының негізгі құрамын 50 жастан асқан ойыншылар құрайды. 

Жеңімпаздарға турнир дипломдары мен басты призді бере отырып, ҚР ИДМ АҒК төрағасының орынбасары Еркін Шаймағамбетов Қазғарыштың барлық қызметкерлерін космонавтика күнімен құттықтады және жаңа спорттық жеңістер және Қазақстанның ғарыш саласын құру ісінде жаңа жетістіктер тіледі.

IMG_1155.JPG
IMG_1157.JPG
IMG_1159.JPG
IMG_1170.JPG
IMG_1187.JPG
IMG_1193.JPG


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ