Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

15.04.2015
KazEOSat-1 жерсерігі Қарағанды облысындағы су тасқынының ғарыштық түсірімдерін жасады

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Орбитада тест режимінде жұмыс істейтін  KazEOSat-1 қазақстандық  Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігі (ЖҚЗ) Қарағанды облысындағы су тасқынын түсіріп алды. 

Ғарыш аппаратын тәуілік бойы сүйемелдейтін  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мамандары ғарыш түсірімдерін өңдеді және оларды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлеріне ұсынды. 

Біз бұрын хабарлағандай Қазақстанда «KazEOSat-1» және «KazEOSat-2» екі жерсерігінен, жерсеріктерді жерүсті басқару кешенінен және ЖҚЗ деректерін қабылдау, өңдеу және соңғы тұтынушыларға таратуға арналған жерүсті мақсатты кешенінен тұратын Жерді қашықтықтан зондтау толыққанды ғарыш жүйесін құру аяқталуда. 

«Өзіне меншікті ЖҚЗ болуының еліміз үшін аса маңызды стратегиялық мәні бар, мысалы бұл көктемгі су тасқыны туралы ақпарат  біз үшін өте бағалы және қажетті»,-  деп атап өтті  ТЖ комитетінің қызметкерлері.


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ