Главная Новости

Новости

09.07.2015
Қазақстан мен Беларусь ғарыш саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

АСТАНА.ҚАЗАҚПАРАТ – Қазғарыштың делегациясы Минскте Қазақстан – Беларусь аэроғарыш саласындағы ынтымақтастық мәселелерін пысықтау жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысына қатысты. 

Белорусс Ұлттық ғылым академиясында өткен мамандардың кездесу уақытында Жерді қашықтықтан зондтау, ғарыштық байланыс, ұшқышсыз ұшатын ұшу аппараттарын, соның ішінде атмосфералық жерсеріктерді әзірлеу және жасау саласындағы бірлескен инновациялық зерттеулер мәселелері талқыланды. 

Кездесу барысында кездесуге қатысушылар үшін қазақстандық ғарыштық компаниялар, болашақ даму бағыттары туралы ақпарат берілді, ынтымақтастықтың ықтимал бірлескен бағыттары талқыланды. 

Белоруссияда ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ұйымдардың қызметін Беларусь Ұлттық ғылым академиясы (ҰҒА) реттейтінін атап өткен жөн. 

Қазақстан делегациясы Информатиканың келелі мәселелері мен Физика-техникалық институты Беларусь ҰҒА бірлескен институтына барды, «Геоақпараттық жүйелер» және «Дәл электр механика зауыты» унитарлық кәсіпорындарының жұмысымен танысты. 

Отырыс қорытындылары бойынша хаттамаға қол қойылды, онда тараптар аэроғарыш саласындағы ынтымақтастықтың болашақ бағыттарын атап көрсетті. 

«Атап айтқанда біз аумақтың жүйелі мониторингі үшін бірыңғай көп деңгейлі геокеңістіктік негіз құру мүмкіндігін талқыладық», - деді біздің агенттігімізге  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің м.а. Марат Нұрғожин. 

Ғарыштық байланыс саласындағы қазақстандық және беларус мамандары жерүсті кешені мен ғарыштық байланыс аппаратын пайдалану мамандарының арасында тәжірибемен алмасу мүмкіндігіне қызығушылық білдірді.

Сонымен қатар, Қазақстан-Беларусь аэроғарыш саласындағы ынтымақтастық мәселелерін пысықтау жөніндегі жұмыс тобының мүшелері ұшқышсыз ұшатын ұшу аппараттарын және атмосфералық жерсеріктерді, соның ішінде ЕХРО-2017 көрсету мақсатында ұшу алыстығы мен ұшу ұзақтығы үлкен ұшқышсыз ұшатын ұшу аппараттарын бірлесіп әзірлеу болашағын талқылады.

20150629_184447.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ