Главная Новости

Новости

11.07.2015
Қазғарыш 3D принтинг тәжірибелі пайдалануын бастады

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Астанада салынып жатқан Ұлттық ғарыш орталығының (ҰҒО) аумағында ерекше жабдық – инновациялық өнімді әзірлеу барысында модельдерді әзірлеуге арналған 3D принтинг орнатылған. 

CONCEPTLASER GmbH неміс компаниясы әзірлеген 3D принтинг тәжірибелі пайдалануын бастау Қазғарыш басшысы Талғат Мұсабаевқа ұсынылды. 

«Бұл селективті лазерлік балқыту әдісімен метал бұйымдарын өндіру жүйесі. Қазіргі уақытта үш есе прототиптеу технологиясы аэроғарыш өндірісінде әлемдік көшбасшылар болып табылатын Rocket jet, Lockheed martin, Airbus, NASA, «Авиадвигатель» ААҚ, ВИАМ, НПО «Лавочкина» сияқты кәсіпорындарда белсенді қолданылады», - деді «Ғалам» Қазақстан-Франция бірлескен кәсіпорны директорының орынбасары Сергей Мурушкин. 

3D принтинг учаскесі ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының (ҒТ АКТБ) дәлдікті механика учаскесінің құрамына кіреді және қазіргі уақытта ҒТ АКТБ уақытша учаскелері мен тәжірибелі өндіріс шеңберінде құрылуда. 

3D принтинг күрделі өңделетін метал бөлшектерін өндіретін болады, ол олардың еңбек көлемін және өздік құнын төмендетеді, бірақ конструкциялардың құрастыру бірліктерінің және тұтастығының сапасын арттырады. Аддитивтік өндіріс жүйесінің артықшылығы өзге технологиялардың негізінде алу мүмкін емес аса күрделі бөлшектерді әзірлеуге мүмкіндік беруінде, - деп түсіндірді С.Мурушкин. 

Бүгінгі күні «Ғалам» ЖШС мамандары 3D принтингпен алғашқы тәжірибелі үлгілерді әзірлеп шығарды: алюминий қорытпасынан жасалған кронштейн,  болат қорытпасынан жасалған үш айыр.
 
Қазғарыш басшысы атап өткендей, 3D принтинг – Қазақстанда құрылып жатқан ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің жұмысын қамтамасыз ететін жаңа жабдықтың «алғашқы бастамасы».

IMG_8723.jpg
IMG_8731.jpg
IMG_8735.jpg
IMG_8738.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ