Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

27.07.2015
Айдын Айымбетов өзінің туған күнін Звездный қалашығында қарсы алады

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Бүгін, ресейлік Звездный қалашығындағы ғарышкерлерді даярлау орталығында даярлықтан өтіп жатқан қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов өзінің 43 туған күнін атап өтуде. 

Айдын Талдықорған облысы, қазір Қазақстан Республикасы Алматы облысы Талдықорған ауданының  Заря Коммунизма аулында (қазір Өтенай а.) 1972 жылы 27 шілдеде туды. 

1989 жылы Талдықорған қаласындағы №20 орта мектепті бітірді. 1989 жылы Армавир жоғары әскери училищесіне  түсті және «ұшқыш-инженер» біліктілігін алып аяқтады. 

1993 жылғы мамырдан бастап А.Айымбетов Қазақстан Республикасы Қарушы күштері қатарында қызмет етті. Ол ұшақтардың (Л-39, Миг-23, МиГ-23МЛД, Миг-27, Су-27)4 типін игерді, 470 сағаттан астам шабуылы бар, парашютпен 360 рет секірді, парашюттік-десанттік даярлық инструкторы болып табылады. Сүңгуір-офицер. 

Ғарышкерлер жасағына кіру үшін бірінші өтінішін Айдын 1993 жылы берді. Ғарышкерлер жасағына екінші өтініші 2001 жылы 5 мамырда берілді. 2002 жылы жазда ресейлік-қазақстандық бірлескен ғарыштық ұшу өткізу уағдаластығы шеңберінде А.Айымбетов Мәскеудегі ИМБП-те медициналық комиссиядан өтті.   

2002 жылы 9 қарашада ресейлік өкілдердің қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасы ғарышкерлеріне кандидаттар іріктеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның отырысында А.Айымбетов Қазақстан Республикасы ғарышкерлер жасағына енгізуге ұсынылды. 

2002 жылы 17 желтоқсанда А.Айымбетов Бас медициналық комиссиядан (БМК) өтті және арнайы жаттығуларға рұқсат алды.  2003 жылы 29 мамырда Росавиакосмостың Мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясының шешімімен А.Айымбетовті ресейлік кандидаттар тобының құрамында ғарышкерге даярлауды бастау туралы шешім қабылданды. 

2003 жылы 16 маусымнан бастап А.Айымбетов РМҒЗИ ҒДО-да жалпы ғарыштық даярлықтан (ЖҒД) өте бастады. ЖҒД аяқталғаннан кейін 2005 жылы 28 маусымда ол ҒДО-ға «өте жақсы» бағамен емтихан тапсырды. Ведомствоаралық біліктілік комисиясының (ВАБК) шешімімен 2005 жылы 5 шілдеде оған «ғарышкер-сынаушы» біліктілігі берілді. 

2005-2009 жылдар кезеңінде ол Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) ұшу бағдарламасы жөніндегі топта даярлығын жалғастырды. 

2008 жылы қазан айында қазақстандық ғарышкердің «Союз» кемесінде ұшуы туралы Қазақстан мен Ресей арасында келіссөз басталғаннан кейін 2009 жылы күзде негізгі экипаж мүшесіне үміткер ретінде қаралды. Ұшу 2009 жылы 30 қыркүйекке жоспарланды. 

 Ғарышкерлерді даярлау орталығында даярлық аяқталғаннан кейін ол Қазғарыш жүйесінде жұмысын жалғастырды. 2009-2010 жылдары А.Айымбетов Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының кеңесшісі болып жұмыс істеді, кейін Қазғарыштың ғарыш қызметін дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды. 

2011 жылғы наурыздан бастап ол Қазғарыштың «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ «Сұлтанғазин атындағы ғарыштық зерттеулер институты» ЕЖШС-те ғарыштық технологияларды ақпараттық-білім берумен қамтамасыз ету бөлімі бастығының орынбасары қызметін істеді. 

2014 жылғы сәуірден бастап А.Айымбетов Қазғарыштың «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ «Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар институты» ЕЖШС-те директордың орынбасары болды. 

2012 жылғы көктемнен бастап А.Айымбетов Астана қаласында Оқушылар сарайындағы Жас ғарышкерлер мектебінде сабақ береді, «3D модельдеу» үйірмесіне басшылық етеді. 

2012 жылы 12 қазанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1304  қаулысымен А.Айымбетовке Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесі берілді. 

2006 жылы Жансүгіров атындағы университеттің физика-математика факультетін «физика мен информатика» мамандығы бойынша толық курсын аяқтап, екінші білім алды.  

2008 жылы Айымбетов ҚР ӘҚК полковнигі болды. 

Айдынның анасы Жұмагүл 67 жаста, ол зейнеткер. Айдынның екі ағасы мен апасы бар. 

Айдынның жұбайы – Лилия Байқоңырда туған, үй шарауашылығымен айналысады. Аимбетовтерде үш бала, екі қыз бен бір ұлы бар. Тұңғыш ұлы Әмірі 17-де, қыздары Диана мен Даяна 14 және 8 жаста. 

Қазақстан мен Ресей арасындағы уағдаластыққа сәйкес  А.Айымбетов 2015 жылғы мамырдың аяғынан бастап Гагарин атындағы ҒДО-да даярлықтан өтуде. Маусымның 20-нан 27-не дейін ХҒЖ американдық сегментін зерттеу мақсатында ол Хьюстондегі (АҚШ) НАСА Джонсон атындағы Ғарыш орталығында, қазіргі уақытта кестеге сәйкес ҒДО-да үшу алдындағы даярлықтан өтуде.

Құрамында қазақстандық ғарышкермен ХҒС-ке кезекті экспедицияның старты Байқоңыр ғарышайлағынан 2015 жылдың 2 қыркүйегінде Астана уақыты бойынша 10 сағат 30 минутқа жоспарланып отыр.

2


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ