Главная Новости

Новости

28.07.2015
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы ЖҚЗ екінші жерсерігін тәжірибелі және коммерциялық пайдалануға кірісті

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ делегациясы компания басшысы Марат Нұрғожиннің басшылығымен Ұлыбритания, Гилфорд қ. жұмыс сапарынан оралды. 

Қазақстандық мамандар кеңістікті айыру қабілеті орта Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) жерсерігінің орбиталық сынақтарын қабылдаудың негізгі кезеңіне қатысты. 

Келісімшартқа сәйкес айыру қабілеті орта қазақстандық ғарыш жүйесінің (АҚО ҒЖ) бас қосалқы мердігері – SSTL компаниясының аумағында қабылдау өткізілді. 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басшысы Марат Нұрғожин біздің агенттігімізге хабарлағандай, «KazEOSat-2» АҚО жерсерігінің орбиталық сынақтары сәтті аяқталды. Қазір «KazEOSat-2» тәжірибелі пайдалану фазасы басталды, оның барысында біздің компанияның мамандары ағылшын әріптестерінің қадағауымен  жерсерікті өз бетінше басқаратын болады. SSTL жасалған келісімшарттың 12-бабына сәйкес АҚО ЖҚЗ ҒЖ коммерциялық пайдалануы орбиталық сынақтар аяқталғаннан кейін басталады, дәлірек айтқанда, 2015 жылғы 24 шілдеден бастап, - деді ол. 

Сонымен бірге, кездесу барысында осы жоба бойынша ағымдағы мәселелер, жекелеп алғанда, қорытынды қабылдаудан кейін ЖҚЗ АҚО ҒЖ техникалық сүйемелдеу, «KazEOSat-2» ҒА сақтандыру, орбитаны түзету жөніндегі оқу және өзге мәселелер қаралатын және талқыланатын болады. 

Айыру қабілеті орта ЖҚЗ ғарыш жүйесін қорытынды қабылдау 2015 жылғы қазан айының басына жоспарланған, одан кейін ЖҚЗ АҚО ҒЖ жүйесі толығымен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ меншігіне өтеді. 

Естеріңізге салсақ, кеңістікті айыру қабілеті жоғары «KazEOSat-1» - ЖҚЗ алғашқы қазақстандық жерсерігі 2014 жылы пайдалануға қабылданған және орбитада табысты қызмет етуде. 

ЖҚЗ ҒЖ екі оптикалық-электрондық ғарыш аппаратынан (ҒА): кеңістікті айыру қабілеті (1 м) жоғары «KazEOSat-1», кеңістікті айыру қабілеті (6,5 м) орта «KazEOSat-2», сондай-ақ  жерсеріктерді жерүсті басқару кешенінен және ЖҚЗ деректерін қабылдау, өңдеу және соңғы тұтынушыларға тарату үшін жерүсті мақсатты кешенінен тұрады. 

ҚР ЖҚЗ ҒЖ ел аумағының жедел мониторингтік ақпаратын алуда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ҚР экономика салаларының, қорғаныс қабілеттілігінің және ұлттық қауіпсіздік міндеттерін шешу үшін ЖҚЗ деректерін алу үшін тағайындалған. 

20150724_223141 (2).jpg
SSTL тобының басқарушы директоры және «ҚҒС» ҰК» АҚ президентінің м.а. IOAR MR аяқтау туралы хаттамаға қол қою барысында
Боровое_10000 (2).jpg
Коунрадское_месторожд_1х1_М5000 (2).jpg
Маркаколь_ЮВ_берег_1х1_М5000_съемка200814 (2).jpg




Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ