Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

30.07.2015
Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін мемлекеттік қабылдау өтті.

АСТАНА.ҚАЗАҚПАРАТ – «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ (ҚҒС) орталық кеңсесінде KazEOSat-1 кеңістіктік айыру қабілеті жоғары Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) қазақстандық жерсерігін қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссия өз жұмысын аяқтады. 

Қазіргі уақытта KazEOSat-1 және KazEOSat-2 ЖҚЗ жерсеріктері штаттық режімде жұмыс істейді, жерүсті ғарыш инфрақұрылымы сәтті қызмет атқарады. 

Мемлекеттік комиссия төрағасы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің (ИДМ) Аэроғарыш комитеті (АҒК) төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков өз сөзінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ алты жыл ішінде ЖҚЗ ғарыш жүйесін құру бойынша үлкен жұмыс атқарғанын айтып өтті. 

«Біздің мемлекеттік комиссия осы жобаны іске асыруға бюджеттік қаражат қаншалықты тиімді пайдаланылғанын көргелі және шешім қабылдағалы тұр», - деді М. Молдабеков. 

«Қазіргі уақытта KazEOSat-1 және KazEOSat-2 ЖҚЗ жерсеріктері штаттық режімде жұмыс істейді, жерүсті ғарыш инфрақұрылымы сәтті қызмет атқарады. Қазір біз ЖҚЗ жерсеріктерін коммерциялық пайдалануға кірісеміз. Ғарыштан ЖҚЗ заманауи инфрақұрылымын құру жөніндегі күрделі жұмыс Қазақстанда алғаш рет жүргізіліп отыр», - деді өз сөзінде «ҚҒС» ҰК» АҚ президентінің м.а. Марат Нұрғожин. 

Құрамына ҚР ИДМ АҒК, ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ, «Республикалық ғарыш байланысы орталығы» АҚ, «Бәйтерек» БК» АҚ, «Ғалам» ЖШС мамандары кірген мемлекеттік комиссияның мүшелеріне Астана үстінен жерсерік өткен уақытында нақты уақыт режімінде айыру қабілеті жоғары ЖҚЗ ғарыш жүйесінің жұмысы көрсетілді. 

ЖҚЗ ҒЖ орталығының директоры Айдар Қуатбаев, жерүсті басқару кешенінің (ЖБК), жерүсті мақсатты кешенінің (ЖМК) жетекшілері ғарыш кешендерінің функционалы туралы баяндады, ғарыш аппараттарын басқару, ғарыш түсірілімдерін қабылдау және өңдеу жөніндегі мамандардың жұмысын іс жүзінде көрсетті. 

KazEOSat-1 панхроматиялық режімде 1 м айыру қабілеті бар және түсірілімнің 3 түрін іске асырады: жолақты, стерео және алаңдық, оның өнімділігі – 220 000 ш.км. 

Қабылдау комиссиясының мүшелері сонымен қатар ЖҚЗ ҒЖ антенналық посттарына барды, онда штаттық режімде осы кешендердің жұмысымен танысты. 

АҚЖ ЖҚЗ ҒЖ пайдалаунға дайындығы туралы баяндамамен және экономика салаларында оның өнімдері мен қызметтерін пайдалану мүмкіндіктері туралы қабылдау комиссиясының мүшелерінің алдында «ҚҒС» ҰК» АҚ вице-президенті Бағлан Қазиев сөз сөйледі. 

Мемлекеттік комиссия төрағасының пікірі бойынша ЖҚЗ ҒЖ құру жобасының аяқталуы туралы ұсынылған есепті талқылау жанжақты болды. 

«Біз есепті айыру қабілеті жоғары ғарыш аппаратының ұшу сынақтарының нәтижелерімен және жерүсті сегментінің сынақтар нәтижелерімен толықтыруды ұсындық. Қорытындысында комиссия айыру қабілеті жоғары ЖҚЗ құрылған ғарыш жүйесі өзінің жоспарланған сипаттамаларына сәйкес келеді деп шешті», - деді Мейірбек Молдабеков қорытынды сөзінде.

IMG_8918.JPG
IMG_8937.JPG
IMG_8927.JPG
IMG_8960.JPG
IMG_9039 (2).jpg
IMG_9041 (2).jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ