Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

31.07.2015
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ЖҚЗ және ҚР ЖЖНЖ ғарыш жұйелерінің ұлттық операторы мәртебесін растайды

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ Бүгін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ орталық офисінде компанияның 2015 жылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындыларына арналған кеңес өтті.

Есепті кезеңдегі негізгі нәтижелер арасында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ (ҚҒС) президентінің м.а. Марат Нұрғожин айыру қабілеті жоғары Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін пайдалануға енгізуді, сондай-ақ кеңістіктік айыру қабілеті орта  ЖҚЗ жерсерігінің ұшу сынақтарының аяқталуын атады. «Бұл Қазақстан Республикасы мен Франция арасындағы үкіметаралық келісімді жоғары мемлекеттік деңгейде ратификациялағаннан кейін ғана мүмкін болды», - деп атап өтті ол.

KazEOSat-1(айыру қабілеті 1 метр) жерсерігі 2014 жылы 30 сәуірде ұшырылғанын және 2015 жылы маусымда Қазақстанның меншігіне тапсырылғанын еске түсірейік. KazEOSat-2 ЖҚЗ екінші жерсерігі (айыру қабілеті 6,5 метр) ағымдағы жылы шілде айында орбитада ұшу сынауларын аяқтады, содан кейін «ҚҒС» ҰК» АҚ мамандары ғарыш аппаратының тәжірибелік пайдалануына кірісті..

Жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесінің (ЖЖНЖ) жобасы бойынша жартыжылдық ішінде Сәйкестікті бағалау зертханасын (СБЗ) тіркеу мен ЖЖНЖ тәжірибелік өндірісі бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілді. 

Қазақстанның барлық өңірлеріндегі 60 дифференциалды стансадан және Астана қаласындағы жерүсті кешенінен тұратын ҚР ЖЖНЖ жерүсті инфрақұрылымы 2014 жылы пайдалануға қабылданды.

Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені (ҒА ҚСК) шеңберінде 3Д-принтер өзінің қызмет істеуін бастады. «Ғалым» ЖШС-пен бірге жүргізіп отырған компанияның тағы бір жобасы – ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесін (ҒТМ ҒЖ) құру, ол жобаның жоспарына сәйкес жүзеге асырылуда, деп атап өтті Нұрғожин. 

Кеңесте ЖҚЗ нарығының субъектілерімен жақын және алыс шетелде тиімді әрекетестік орнату міндеті қойылды.

Компания басшысы, 2015 жылғы міндеттердің бірі мемлекеттік сатып алуды үнемі мониторингтеу және тендерлерге қатысу, қызметтер ұсынудың коммерциялық және өндірістік схемасын пысықтау арқылы ЖҚЗ мен ЖЖНЖ қызметтері бойынша кіріс алуды қамтамасыз ету екенін еске салды. 

«Осы міндетті іске асыру үшін ЖҚЗ ҒЖО, ЖЖНЖО, Өнімдер мен қызметтерді жылжыту басқармасының, Геоақпараттық технологиялар орталығының, техникалық реттеу және метрология бөлімінің 2015 жылға арналған мақсатты индикаторларымен ұлғайтылған жұмыс жоспары әзірленді. . 

«Қызметтерді жылжыту, табыс табу міндеттері жылдың аяғына дейін көкейкесті болып қала береді», - деп атап өтті М. Нұрғожин. 

Есепті баяндамаларда ұлттық компанияның топ-менеджменті істің жағдайы туралы талдамалы ақпарат берді, орындалмаған іс-шаралар себептері талқыланды, олар негізінен бас мердігердің ҒА ҚСК құрылысын созуына қатысты болды. 

Жалпы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ жобалары басшыларының жұмысы қанағаттанарлық болып бағаланды.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ еліміздің үкіметінің шешімімен ҚР ЖҚЗ ҒЖ және ҚР ЖЖНЖ ұлттық операторы болып айқындалды, бұл меморгандардың ЖҚЗ деректерін кезеңмен қолдану жоспарын әзірлеуді, меморгандар үшін ірі жобаларды іске асыруды, ЖҚЗ ҒЖ және ҚР ЖЖНЖ деректеріне, сондай-ақ шетелдік ғарыш аппараттарының ЖҚЗ деректеріне ыңғайлы қол жеткізуді көздейді.

«ЖҚЗ ҒЖ және ҚР ЖЖНЖ пайдалануға енгізілумен біздің компания жобалаудан өндірістік басқару нысанына ауысады, және «ҚҒС» ҰК» АҚ мамандарының командасы қойылған міндеттерді орындап шығатынына мен сенімдімін», - деді сөзінің соңында М. Нұрғожин.

IMG_9089.JPG
IMG_9090.JPG
IMG_9078.JPG
IMG_9084.JPG
IMG_9086.JPG




Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ