Главная Новости

Новости

11.08.2015
Жерді қашықтықтан зондтаудың қазақстандық жерсеріктері Алматы облысындағы морена көлдеріне мониторинг жүргізуде

АСТАНА.ҚАЗАҚПАРАТ - KazEOSat-1 және KazEOSat-2 Жерді қашықтықтан зондтаудың (ЖҚЗ) қазақстандық жерсеріктері Алматы облысындағы морена көлдеріне мониторинг жүргізуде. 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мамандары төтенше жағдайдан кейін, дәл келесі күні сел өткен морена көлдері мен жерлерді ғарыштық түсіруге кірісті. 

«Содан бері осы аумақтың мониторингі жүргізілуде, бұл ғарыштық түсіруді біздің кеңістікті айыру қабілеті жоғары (1 метр) және орта (6,5метра) екі жерсерік жүргізеді. Материалдар ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетіне одан арғы жұмыс үшін беріледі», - деп әңгімеледі «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ жерүсті мақсатты кешенінің мамандары. 

25 шілдеден осы күнге дейінгі кезеңде сел өткен морена көлдері мен жерлердің шамамен 30 ғарыштық түсірілімдері жасалды және өңделді.

Бір тәулік ішінде ЖҚЗ қазақстандық жерсеріктері күндізгі уақытта Қазақстан аумағының үстінен 2-3 айналым, түнгі уақытта да осыншама жасайды.

Левый Талгар_Киши_1.jpg
Сарканд.jpg
Жыланды.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ