Главная Новости

Новости

12.08.2015
«Қазақстан Ғарыш Сапары» мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ынтымақтастық туралы уәделесті

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен  ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжатқа «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің м.а. Марат Нұрғожин мен  ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдрасилов қол қойды. Тараптар осы меморандум шеңберінде келісілген ғылыми-зерттеу жобаларын орындауды, оқулықтар, оқу құралдарын және басқа оқу материалдарын және ғарыш қызметін дамыту мәселелеріне арналған өңірлік журналдардағы жарияланымдарды басып шығаруды, дарынды ғалымдарды қолдау жөніндегі бағдарламалар мен жобаларды іске асыруды, ғарыштық технологияларды экономиканың түрлі салаларында қолдану жөнінде оқу семинарларын/сабақтарын өткізуді жоспарлап отыр.

Болатбек Әбдрасиловтің пікірі бойынша профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіптілігінің жоғары деңгейі мен әлемдік жетекші журналдарда жұмыстар жариялануының өсіміне қол жеткізген академия, бұл міндеттерді орындауға нақты көмектесе алады.

«Мемлекеттік басқару академиясымен ынтымақтастық туралы келісім – бұл тек тәжірибемен ғана алмасу емес, сонымен қатар бұл жас ғалымдарға инновациялық саланы, атап айтқанда ғарыштық технологиялар саласын іс жүзінде игеру және оларды Қазақстан Республикасы экономикасының барлық салаларында және шетелде кеңінен қолдану үшін үлкен мүмкіндік», деп атап өтті Марат Нұрғожин.

Абдрасилов.jpg Нургужин фото.jpg
1428035474_3d8c4rkq.jpg 22222222.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ