Главная Новости

Новости

12.08.2015
№3 ҒАРЫШКЕР:ҰШУҒА ДАЙЫНМЫН !

11693989_10206274079642443_5661945519193041265_n.jpg

Айдын Аимбетов 

Өткен дүйсенбіде Мәскеу қаласынан 23 километрде орналасқан, көбірек «Жұлдызды қалашық» деп белгілі Ю. А. Гагарин атындағы ҒДО-да, МКС-45/46/ЭП-18 негізгі және қосарлаушы экипаждарды даярлау қорытындылары жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. ЭП-18 құрамына (Халықаралық ғарыш стансасына баратын экспедиция) қазақстандық ғарышкер  Айдын Аимбетов кіретіні белгілі. Ведомствоаралық комиссия экипаждарға даярлықты Байқоңырда жалғастыруды ұсынды, бұл 2 қыркүйекте болатын ғарышкерлердің ХҒС ұшуын растауды білдіреді. 

Ведомствоаралық комиссияның отырысынан кейін экипаждардың дәстүрлі баспасөз-онференциясы өтті. Айдын Аимбетов біздің тілшіміз Григорий Беденконың да сұрақтарына жауап берді. 


Журналистер баспасөз-конференциясында

Жақында Халықаралық ғарыш стансасына кететін  ғарышкерлердің баспасөз-конференциясы дүйесенбіде таңертең, баспасөз үшін жабық Ведомствоаралық комиссия отырысынан кейін өтті, онда негізгі және қосарлаушы экипаждарды даярлауды Байқоңырда жалғастыруды ұсыну туралы шешім қабылданды. Ғарышкерлер 18 тамызда ғарышайлағына барады және онда 2 қыркүйекке жоспарланған стартқа дейін болады. 

Негізгі экипаж

Негізгі экипаждың құрамына ресей ғарышкері Сергей Волков (ортада), ол «Cоюз ТМА-М» көліктік ұшқыш басқаратын кеменің (КҰБК) командирі және МКС-45/46 экспедициясының бортинженері болып табылады. Экипаждың екінші мүшесі, даниялық Андреас Могенсен (суретте оң жақта) Еуропа ғарыш агенттігінің (ESA) өкілі болып табылады. Ол «Cоюз ТМА-М» КҰБК бортинженері және МКС ЭП-18 (бару экспедициясы) экспедициясының бортинженері қызметін орындайтын болады. Қазақстандық Айдын Аимбетов ЭП-18 бағдарламасы бойынша «Cоюз ТМА-М» КҰБК бортинженері болып табылады. Ғарышкерлердің осыншама күрделі қызметтері, бүгінгі таңда 6 адам тұрақты жұмыс істейтін Халықаралық ғарыш стансасындағы айналымның күрделі жүйесімен түсіндіріледі. 

Негізгі құрам ғарышкерлері

Баспасөз конференциясында басқалар қатарында ғарыштағы алдағы жұмыстың өзгешіліктерімен байланысты сұрақтар да қойылды. Атап айтқанда, Айдын Аимбетовке қазақстандық ғарыш бағдарламасының мазмұнына қатысты сұрақтар берілді. 

А. А.: біздің бағдарламамыз кең. Ол Т.Әубәкіровте және Т.Мұсабаевта болған ғарыш бағдарламасын жалғастырады. «Релаксация», «Ураган» сияқты эксперименттерді қамтиды, «Взаимодействие» эксперименті, люминисцентті химиялық реакцияларды және атмосфералық оптикалық құбылыстарды зерттеу жөніндегі эксперименттер  бар. Психологиялық эксперименттер ғарышта ұшу уақытында халықаралық экипаждарда әрекеттесу қалай жүретінін зерттеуде болып табылады. 

Андреас Могенсен

Андреас Могенсен — Еуропа ғарыш агенттігінің  CAVES 2012  су астындағы төтенше қысылтаяң жаттығулардың және су астындағы ғылыми зертханада NASA өткізетін SEATEST 2 эксперименттерінің қатысушысы. Астронавттің ашық ғарышта EMU американдық  скафандрімен және «Орлан» ресей скафандрімен жұмыс істеуге сертификаты бар. 

Сонымен қатар, Айдын Аимбетов біздің интернет-журналдың  да сұрақтарына жауап берді:

VOX: Айдын Ақанұлы, алдағы ұшуға сіздің даярлығыңыз өте қысқа мерзімде өтті.  Алдағы ұшу қауіп тудыра ма? 

А. А.: 2003 жылдан бастап 2009 жыл бойы мен негізгі даярлықты осында өттім, жалпы ғарыштық даярлықтан, кейін ХҒС ресей сегментінде біліктілікті арттыру және мамандандыру тобының құрамында даярлықтан өттім. Осы кезде мен даярлықтан қысқа мерзімде өткеніме  - Ғарышкерлерді даярлау орталығындағы инструктор-мамандарға рахмет. Олардың кәсібилігінің арқасында 2003 жылдан бастап 2009 жыл бойы білімімнің негізі жақсы қаланды. Қазіргі таңда осы білім жаңартылды. Көбірек оқуды  қажет еткен кейбір қиындықтар болды, бірақ олардан өттім.

VOX: Сіздің ғарышқа ұшуыңыз  — Қазақстан үшін тарихы оқиға. Өз жақындарыңызға, жерлестеріңізге – бүкіл қазақстандықтарға не тілер едіңіз?

А. А.: Алдағы ұшу қарсаңында бүкіл қазақстандықтарға бар жақсылық тілеймін және қаншалықты алыс болғанына қарамастан өз мақсаттарыңызға жететініңізге сенімді болыңыздар! Өз Отаныңа адал қызмет етсең көп нәрсеге қол жеткізуге болады.
Сондай-ақ, Айдын Аимбетов ұшу 2009 жылы қыркүйекке белгіленгендіктен, 2015 жылдың қыркүйек айында ұшу туралы шешім күтпеген жерден болғанын айтты. 

А. А.: Сонымен бірге Қазғарыш пен Роскосмос арасында келісімшарт дайын болған. Ешкім дублер болған жоқ (редакцияның ескертуі – жуырда ресей азаматтығын алып, ғарышқа ұшу үшін «Жұлдызды қалашықта» қалған қазақстандық Мұхтар Аймахановтың даярлыққа қатысуы себепті). Сонда Қазақстанда Ведомствоаралық комиссия жоспарланған, ол негізгі және қосарлаушы ғарышкерді таңдауы тиіс еді. Бірақ біз оған жетпедік – әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс басталды да қазақстандық ғарышкердің ұшуы кейінге қалдырылды. Одан кейін, 2009 жылдан бастап осы уақытқа дейін біздің ведомстволардың арасында қазақстандық ғарышкердің ұшу мүмкіндігі туралы келіссөздер үнемі жүргізілді. Және осы ұшу бүгін болатыны – бұл біздің президенттердің зор еңбегі. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа үлкен рахмет, президент Владимир Путинге үлкен рахмет. Олардың өзара уағдаластығының арқасында осындай қысқа мерзімде қазақстандық ғарышкердің ұшуы мүмкін болды.

Қосарлаушы экипаж

Қосарлаушы экипаж (солдан оңға): Сергей Прокопьев, ЭП-18 бағдарласы бойынша, бортинженер-2 «Союз ТМА-М» КҰБК, Олег Скрипочка, «Союз ТМА-М» КҰБК командирі, ХҒС бортинженері, және Тома Песке, «Союз ТМА-М» КҰБК бортинженері, МКС ЭП-18 бортинженері.

Центр подготовки космонавтов

Ғарышкерлерді даярлау орталығы 

Баспасөз-конференциясынан кейін Ю. А. Гагарин атындағы ҒДО баспасөз қызметінің қызметкерлері мен үшін «Жұлдызды қалашық» объектілеріне шағын экскурсия ұйымдастырды.

«Звездный городок»

«Жұлдызды қалашықта»

Көргеннен жалпы әсер — экспонаттарының көбі ашық аспан астында орналасқан өте үлкен мұражай.

Тренажер «Союз ТМА-М»

«Союз ТМА-М» тренажері

«Союз ТМА-М» ғарыш кемесінің тренажері «әскери» кеме сияқты.

В «Звездном городке»

«Жұлдызды қалашықта»

Мұнда старт, автономиялы ұшу, түйісу, қабыссыздану және қону кезіндегі барлық әрекеттердің реті пысықталады.  

«Союз ТМА-М» изнутри

«Союз ТМА-М» ішінен

Ресейлік ғарыш кемесінің іші осындай.

«Союз ТМА-М» изнутри

«Союз ТМА-М» ішінен 

«Союза ТМА-М»-ның ХҒС-пен түйісуін пысықтауға арналған симулятор. 

Макет МКС

«Жұлдызды қалашықта»

Ішкі құрылысы қазір орбитадағыларға толық ұқсас стансалардың барлық модульдері осында жиналған.

Модуль МКС изнутри

ХҒС модулі ішінен

Модулдің түрі ішінен.

Тренажер корабля «Буран»

«Буран» кемесінің тренажері.

Залдың  ангарында тарихи раритет — «Боран» кеңестік көп дүркінді тренажер.

Тренажер корабля «Буран»

ХҒС макеті 

Осындай орасан зор құрылманы Жер бетінен 350 километр биіктікте, салмақсыздық пен вакуумда қолмен жинай алғанына сену қиын.

В «Звездном городке»

МиГ-15УТИ

МиГ-15УТИ

Бұл бірегей авиациялық раритет. Юрий Гагарин ұшқан МиГ-15УТИ  истребителі. 

МиГ-15УТИ

МиГ-15УТИ

Шынын айтсам бұл ұшақтың жанында мен бірнеше минут мелшиіп қатып қалдым. 

Портрет В. И. Ленина

В. И. Лениннің портреті.

«Жұлдызды қалашықта» В. И. Лениннің өте әдемі орнекті портреті бар.

Портрет Ю. А. Гагарина

Ю. А. Гагариннің портреті

Юрий Алексеевич Гагарин.

Vox Populi редакциясы Ю. А. Гагарин атындағы ҒДО баспасөз қызметіне осы материалды түсіруге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтады. Полина Рудяеваға және Дмитрий Жуковқа жеке алғыс айтамыз.


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ