Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

13.08.2015
Қазақстанда жауапты құрылыстар деформациясының автоматтандырылған мониторинг жүйесі енгізілуде

АСТАНА. МЕНШІКТІ АҚПАРАТ – «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ табысты іске асыратын жобалардың бірі – жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесінің (ЖЖНЖ) жерүсті инфрақұрылымын құру. 

Осы жобаның шеңберінде компания мамандары жауапты құрылғылар деформациясының автоматтандырылған мониторинг жүйесін әзірледі. 

Мониторинг нысаны ретінде Алаш тас жолындағы (Астана қ.) автожол эстакадасы қолданылды, онда тиісті жабдық орнатылды және осы уақытқа дейін сынақтан өтуде. 

1.jpg 2.jpg 3.jpg  

Мониторинг нысаны – Алаш тас жолындағы автожол эстакадасы 

«Қазақпаратқа» ЖЖНЖ орталығы Дифференциалды түзету және мониторинг бөлімінің бастығы Дмитрий Зернов айтқандай, бұл жүйе тұрақты өлшеулер (құрылғы элементтерінің деформациясы мен қызу жағдайы жөнінде деректер жинау) арқылы үнемі мониторингтеуге арналған. 

4.jpg
5.jpg
6.jpg

Нақты уақыт ішінде деректерді қабылдау және графиктер салу 

Жүйенің құрамына геотехникалық бергіштер, навигациялық жабдықтар, геодезиялық аспаптар, есептеу және телекоммуникациялық жабдық, сондай-ақ нақты уақыт масштабында алынған деректерді жинауды және өңдеуді қамтамасыз ететін  мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету кіреді. 

7.jpg 8.jpg

Автожол эстакадасында орнатылған жабдық 

Соңғы он жылдықта жауапты құрылғылардың (көпірлердің, дамбалардың, биік ғимраттардың және т.б.) автоматтандырылған мониторингі жауапты құрылыстарды салу және пайдалану кезінде әлемнің дамыған елдерінде қолданылатын стандарт болып келеді.

Қазақстан Республикасында 2010 жылдан бастап автоматтандырылған мониторинг жүйелерін енгізу арқылы құрылыс нысандарының қауіпсіздік сапасын қамтамасыз етуде алдыңғы қатарлы техникалық шешімдер мен ғылыми әдістердің қолданылуын регламенттейтін бекітілген құрылыс нормалары мен қағидалары (ҚНжәнеҚ 3.02-05-2010), қолданылуда. Бұл қағидаларға сәйкес деформацияланған жағдайдың автоматтандырылған мониторингіне жауапты құрылыстар: көпірлер, дамбалар, бөгеттер, гидротехникалық құрылыстар, ірі өнеркәсіп нысандары және т.б. жатады. 

Бүгінгі таңда ұқсас жүйелерді құру құны 90 миллион теңгеге және одан көпке жетуі мүмкін. Жүйені құруға арналған нақты шығындарды мониторинг нысанын зерттегеннен кейін ғана айқындауға болады. 

Көпір құрылыстарының саны мен түрлеріне жүргізілген талдауға сәйкес Қазақстанда 1500 түрінен астам түрлі көпірлер бар, олардың 290 1970 жылға дейін салынған. 

Өкінішке орай, көпір құрылыстарының сенімділігі жыл сайын төмендеуде және төтенше жағдайлардың туындау тәуекелінің деңгейі өсуде. Бұдан басқа, нысанды салу кезінде қирау тәуекелі  де бар. 2006-2013 жж. кезеңінде ТМД елдерінде көпір құрылыстарымен болған апаттар мен жағдайларға жүргізілген талдау, зерттелген 71 жағдайдың – 68 көпір құрылыстарының апаттарына жататынын көрсетті. Осылардың қатарынан 42 апаттың құрылмалары ішінара бұзылуымен және адам шығындарымен салдарлары ауыр болды, бұл заңдылықтан ауытқыған жоғары көрсеткіш (жылына орташа 7 ауыр апат) болып есептеледі. 

2009 жылы Атырауда салынып жатқан көпірдің баспалдақ аралығының құлауы аса ауыр жағдайлардың бірі болып танылды. Құлаған көпір 8 адамның өмірін алып кетті. Залал сомасы  1 млрд.314 млн. теңге құрады. 

9.jpg

6-сурет – Атырауда көпірдің баспалдақ аралығының құлауы 


Материалдық шығындарға келсек, салыстыру үшін Қызылағашта бөгеттің бұзылу салдарынан болған залалдың сомасын келтіруге болады. Трагедия 43 адамның өмірін алып кетті, ал материалдық залал 9 миллиард теңгеден астам құрады. Бұл 90 миллион теңге тұратын 100 нысан салу құны.

Біздің міндетіміз – жауапты құрылыстарды пайдаланатын ұйымдар үшін, болуы мүмкін апаттарды болжауда және олар туралы тиісті органдарға алдын ала ескертуде өте жақсы аспап бола алатын  автоматтандырылған мониторинг жүйелерін салу, сонымен адам құрбандарын және үлкен материалдық шығындарын болдырмау.



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ