Главная Новости

Новости

18.08.2015
Байқоңырда ғарышкерлер мен астронавттарды ақ бота қарсы алды

БАЙҚОҢЫР. ҚАЗАҚПАРАТ – Бүгін Астана уақыты бойынша 15 сағат 45 минутта Байқоңыр ғарышайлағының «Юбилейный» әуежайына Халықаралық ғарыш стансасына 45/46 экспедицияның негізгі экипажымен Ю.А. Гагарин атындағы  ресейлік Ғарышкерлерді даярлау орталығының (ҒДО) ұшағы келіп қонды. 

Негізгі экипаждың құрамында - «Союз ТМА-18М» кемесінің командирі, Роскосмос ғарышкері Сергей Волков, бортинженер-1, астронавт ЕКА Андреас Могенсен, бортинженер-2, Қазғарыш ғарышкері Айдын Аимбетов. 

Арасына он бес минут салып бортында қосарлаушы экипаж:  командир - Роскосмос ғарышкері Олег Скрипочка, бортинженер-1 - астронавт ЕКА Тома Песке, бортинженер-2- Роскосмос ғарышкері Сергей Прокопьев бар ҒДО екінші ұшағы келді. 

«Юбилейный» әуежайында ХҒС кезекті ғарыш экспедициясының мүшелерін Байқоңыр ғарыш кешенінің басшылары, Қазғарыш пен Роскосмотың өкілдері қарсы алды. 

Экипаждардың командирлері ғарышайлағына старталды даярлықтың соңғы кезеңінен өту үшін келгені туралы басшылыққа баяндағаннан кейін, ғарышкерлер мен астронавттарға кәдесыйлар – ақ боталар ұсынылды. 

Қазғарыштың өкілі, «Инфракос» РМК директоры Мағауя Әжмолдаев айтқандай «шөл дала кемесінің» символы болып табылатын кәдесыйлық боталарды Қазғарыш ғарышкерлердің табысты старты мен Жерге сәтті оралу белгісі ретінде арнайы дайындаған. 

«Союз ТМА-18»  ғарыш кемесі стартқа толық дайын», - деді негізгі экипажға  «Энергия» Ресей ғарыштық корпорациясының бас конструкторы Сергей Романов. 

Ертең ХҒС 45/46 экспедицияның негізгі және қосарлаушы экипаждары ғарышайлағында алғашқы жаттығуларына кіріседі.

ХҒС-ке кезекті экспедициямен «Союз ТМА-18М» көліктік ұшқыш басқаратын кеменің старты 2015 жылдың 2 қыркүйегінде Астана уақытымен 10 сағат 30 минутқа жоспарланып отыр.

2 

2 

3 

null


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ