Главная Новости

Новости

22.08.2015
«Қазақстан Ғарыш Сапары ҰК» АҚ мен «Қазақтелеком» АҚ бірлескен жобаларды іске асырудағы әріптестік туралы меморандумға қол қойды

АСТАНА. МЕНШІКТІ АҚПАРАТ - 2015 жылы 21 тамызда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ мен «Қазақтелеком» АҚ қазіргі ғарыштық және ақпараттық технологиялар негізінде бірлескен жобаларды іске асыруда өзара әрекеттесу мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы келісім жасасты.  

Қол қойылған меморандум аясында компаниялар ЖҚЗ екі жерсерігі кіретін Қазақстан Республикасы аумағын қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің, жерсеріктерді жерүсті басқару кешені мен ғарыш деректерін қабылдау және өңдеуге арналған жерүсті мақсатты кешенінің, жерүсті инфотелекоммуникациялық инфрақұрылымы негізінде жоғары технологиялық өнімдер мен сервистер құру бойынша әріптестік қатынастар дамытуды жоспарлап отыр.

Бұдан басқа, ЖҚЗ деректерін қабылдаумен, сақтаумен және өңдеумен байланысты жобаларда «Қазақтелеком» АҚ Деректерді өңдеу орталығын пайдалану жөнінде ынтымақтастықтың бизнес үлгілерін әзірлеуді және екі компанияның ғылыми-техникалық және өндірістік қызметінде басқа бірлескен жобаларды өткізуді жоспарлауда деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ баспасөз-қызметі.


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ